30.07.2025, 10:19 24706

Алматыда 150 мыңнан астам вейп тәркіленді

Алматыда 150 мыңнан астам вейп тәркіленді
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), дәмқосқыштар мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде "ESCOBAR OPTOM" атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.

Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді.

Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылған.

Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары вейптерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны