30.04.2024, 16:45 77946
Қазақстанға пошта жөнелтілімдерін пайдалана отырып алыс шетелден есірткі жеткізіліп келген
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың ақпанында пошта жөнелтілімдерін пайдалана отырып, алыс шетелден Қазақстанға есірткі жеткізудің халықаралық арнасын жойды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Жалпы салмағы 500 грамнан асатын каннабис тобының есірткі қоймасымен жабдықталған сәлемдемені алуы кезінде "Қазпошта" АҚ бөлімшесінде жергілікті тұрғын ұсталды.
Ағымдағы жылдың сәуірінде Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстау бойынша операция жүзеге асырылды, одан 2,5 килограмнан астам "мефедрон" психотроптық заты тәркіленді, бұл 10 мыңға жуық бір реттік дозаны құрайды.
Жедел шара барысында күдіктілердің физикалық жазаға тартылу қаупі арқылы аймақ тұрғынын есірткі сатуға мәжбүрлеу фактісі құжатталды.
Ұсталған адам облыста психотроптық заттардың таралуының кең желісін ұйымдастыруды көздеген.
Аталған адамдар соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.05.2024, 10:24 6
Павлодарда синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісі жойылды
Күдікті ретінде Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталды
Достарға айту
2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарынының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.
Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд. теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.05.2024, 12:49 25111
Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды
Достарға айту
ІІМ ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Кез келген отбасы есірткі құрығына тап болуы мүмкін. Жыл басынан бері 19 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды", деп мәлім етті департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
"Жастар есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білсе де, олардың кейбірі есірткінің заңсыз айналымынан бас тартар емес. Нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда отбасының айрықша рөлін ескере отырып, ІІМ ата-аналарға жазғы демалыс қарсаңында балалар өміріне барынша көңіл қою керектігін ескертеді. Өз балаларыңыздың араласатын ортасын білу, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылау аса маңызды. Заттарының ішінен медициналық препараттардың қорабын, фольга немесе шыны түтікшелер байқасаңыз, елеусіз қалдырмаңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткі тұтынуға арналған болуы әбден мүмкін. Сабақтағы үлгерімінің нашарлауы, сабаққа бармауы және араласатын ортасының өзгеруі ата-ана назарынан тыс қалмауы керек. Агрессия, аяқ астынан көңіл күйінің өзгеруі, шаршаңқы күйге жиі түсуі де есірткі тұтынып жүргенінің белгілері болуы ықтимал. Баланың бойынан үш немесе одан да көп осындай белгілер байқалса, тез арада шара қолдану қажет. Ақша жұмсауы жиілесе немесе қаражаты көп болса, бұл да алаңдауға тұрарлық мәселе. Өйткені баланы есірткі тұтынуға ғана емес, оны таратуға да тартуы мүмкін. Егер баланың телефоны мен мессенджерлерінен геолокация көрсетілген суреттер, үй қабырғалары мен бағандардағы штамптарды байқасаңыз, бұл да күмән тудыратын жайт. Себебі онда есірткі жасырылған жерлер көрсетілуі мүмкін. Нөмірлер және түрлі сайттардың сілтемелері жазылған тізімге, изолентаға оралған заттарға да назар салғаныңыз абзал. Есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік 16 жастан басталатынын естеріңізге саламыз", деп көрсетілген үндеу мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.05.2024, 12:20 25596
Астанадан келген кепілгер кофе қаптамасымен есірткі тасымалдаған
Достарға айту
Жасырын есірткі салушы синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдады. Оның заңсыз қызметін көкшетаулық есірткі полицейлері әшкереледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Курьер жүрген автокөлікті жедел уәкілдер облыс орталығының аумағына кірген кезде ұстады.
Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттармен 148 орамды анықтап, тәркіледі. Салушы синтетикамен орамдарды жасыру үшін ерігіш кофенің пакеттеріне жасырған және сол брендтің кофе қораптарында тасымалданған.
Тәркіленген есірткінің нақты салмағы сот-химиялық сараптамадан кейін анықталады. Осы жерде жедел уәкілдер 2 ұялы телефонды тәркіледі, олардың көмегімен елордалық куратормен хат алмасып, бетбелгі қойылған жерлерді суретке түсірді.
Есірткі салушы шамамен үш ай бұрын жұмысқа орналасқан, ол елордада тыйым салынған заттарды сатып алып, содан кейін оларды тарату үшін Көкшетауға келген кезде, ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.05.2024, 12:15 35331
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды
Достарға айту
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу соты күдіктіге қатысты "электронды білезікті" қолдана отырып, "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.05.2024, 11:37 35631
Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды
Достарға айту
Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны жәнебасқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.
Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында "Plus Capital" қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.
Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.
2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 17:49 42126
Алматыдағы тексеру комиссиясының қызметкерлеріне миллиондаған сыйлықақылар негізсіз төленген
Достарға айту
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Тиісті тексерудің қорытындысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында қаралды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасының баспасөз қызметінен.
Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының негізгі міндеті - қалалық бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру. Тексеру комиссиясына қатысты Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шарасы 2022 жылғы 1 қаңтар - 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қамтыды.
Алматы қаласында қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету және нығайту бойынша құзыреті шегінде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Тексеру комиссиясы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, бюджет және еңбек заңнамасын жеткілікті дәрежеде сақтамағаны анықталды.
Сонымен қатар нақты орындалмаған қызметтерге бюджет қаражатын бөлу жағдайлары анықталды. Мысалы, 2022-2023 жылдары аудиторлық ұйымдарды тартудың нақты қажеттілігінің болмауына байланысты 150,4 млн теңге көлеміндегі шығыстар басқа бағыттарға, оның ішінде негізгі бөлігі сыйлықақы төлеуге бағытталған.
Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы сыйлықақылар мен бонустарды төлеу мәселелерінде заңнама талаптарын толық сақтамаған. Бұл бюджет қаражатын пайдаланудағы әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын бұзады.
Мәселен, 2023 жылғы желтоқсанда Тексеру комиссиясының жекелеген қызметкерлеріне "лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін" 6,5 млн теңге сомаға бірнеше рет сыйлықақы төленген. Атап айтқанда, жұмысқа қабылданған сәттен бастап бір тоқсаннан аз жұмыс істеген адамдарға сыйлықақы берудің бес жағдайы орын алған. Бұл жағдайлар іссапарға жіберілген қызметкерлерге тұрғын үй жалдауға тиісті соманы төлемеу және жекелеген мемлекеттік қызметшілерге тиесілі бонустарды төлемеу аясында болып отыр.
Бұдан басқа, 2022-2023 жылдары жұмыс нәтижелерін бағалау жүргізілмеген және жоғары еңбек тиімділігі расталмаған инспекторларға сыйақылар төленген: 2022 жылы - 4,5 млн теңге, 2023 жылы - 17,2 млн теңге.
Сонымен қатар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, Сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларын және ішкі регламенттеуші құжаттарды бұзу және сақтамау фактілері анықталды. Атап айтқанда, аудиторлық дәлелдемелер тиісті түрде ресімделмеген.
Сонымен бірге Тексеру комиссиясы тексеру қорытындылары бойынша берілген нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде тиісті дәрежеде шаралар қабылдамаған.
Жоғары аудиторлық палатада анықталған бұзушылықтарды жою және Тексеру комиссиясы жұмысының тиімділігін арттыру үшін қатаң бақылау шараларын енгізу, бюджет қаражатын жоспарлау және жұмсау процестерін қайта қарау, сондай-ақ бюджет тәртібін бұзғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыра отырып, оның ішінде материалдарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолдай отырып жауапкершілікті күшейту қажет екендігі атап өтілді.
ЖАП отырысының қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті лауазымды адамдардың жауапкершілігі қаралатын болады.
Дереккөз - Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 17:46 42336
Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Новосибирск қаласында Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды" деп көрстілген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол қамауда. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:20 44801
"Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды
Достарға айту
Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды.
Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді.
Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді.
ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
16.05.2024, 17:53Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды 16.05.2024, 16:44 107751Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады16.05.2024, 17:43 106676Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды17.05.2024, 11:24 88426Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді17.05.2024, 12:26 87611Қазақстанда 200-ден астам отбасы су тасқынынан қираған үйлерінің орнына жаңа баспана алды
24.04.2024, 18:17 158046Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 156351Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 153336Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады22.04.2024, 16:42 132761Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады24.04.2024, 18:19 131776Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады