20.08.2025, 19:20 37536

Елордада балаларды көшеде ақша жинауға заңсыз тартқан

Елордада балаларды көшеде ақша жинауға заңсыз тартқан
Сурет:Depositphotos
Елордада жасөспірімдерді пайдаланып, қоғамдық орындарда заңсыз ақша жинау деректері тіркелді, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен саябақтарда, ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық көліктерде және көшелерде рейдтер жүргізілді. Барлығы 8 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олармен ешқандай шарт жасалмастан, 3 қайырымдылық қоры оларды волонтер ретінде тартқан.

Аталған қорлар "қайырымдылық" деген желеумен өзге мақсаттарға шамамен 340 млн теңге жинаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс аясында кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекетке тартқаны үшін қордың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне бөлек құқықтық баға берілетін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны