30.04.2024, 16:20 77926
Мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Достарға айту
Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған.
Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады.
Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.05.2024, 12:15 4326
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды
Достарға айту
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу соты күдіктіге қатысты "электронды білезікті" қолдана отырып, "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.05.2024, 11:37 4626
Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды
Достарға айту
Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны жәнебасқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.
Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында "Plus Capital" қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.
Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.
2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 17:49 11121
Алматыдағы тексеру комиссиясының қызметкерлеріне миллиондаған сыйлықақылар негізсіз төленген
Достарға айту
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Тиісті тексерудің қорытындысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында қаралды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасының баспасөз қызметінен.
Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының негізгі міндеті - қалалық бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру. Тексеру комиссиясына қатысты Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шарасы 2022 жылғы 1 қаңтар - 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қамтыды.
Алматы қаласында қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету және нығайту бойынша құзыреті шегінде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Тексеру комиссиясы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, бюджет және еңбек заңнамасын жеткілікті дәрежеде сақтамағаны анықталды.
Сонымен қатар нақты орындалмаған қызметтерге бюджет қаражатын бөлу жағдайлары анықталды. Мысалы, 2022-2023 жылдары аудиторлық ұйымдарды тартудың нақты қажеттілігінің болмауына байланысты 150,4 млн теңге көлеміндегі шығыстар басқа бағыттарға, оның ішінде негізгі бөлігі сыйлықақы төлеуге бағытталған.
Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы сыйлықақылар мен бонустарды төлеу мәселелерінде заңнама талаптарын толық сақтамаған. Бұл бюджет қаражатын пайдаланудағы әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын бұзады.
Мәселен, 2023 жылғы желтоқсанда Тексеру комиссиясының жекелеген қызметкерлеріне "лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін" 6,5 млн теңге сомаға бірнеше рет сыйлықақы төленген. Атап айтқанда, жұмысқа қабылданған сәттен бастап бір тоқсаннан аз жұмыс істеген адамдарға сыйлықақы берудің бес жағдайы орын алған. Бұл жағдайлар іссапарға жіберілген қызметкерлерге тұрғын үй жалдауға тиісті соманы төлемеу және жекелеген мемлекеттік қызметшілерге тиесілі бонустарды төлемеу аясында болып отыр.
Бұдан басқа, 2022-2023 жылдары жұмыс нәтижелерін бағалау жүргізілмеген және жоғары еңбек тиімділігі расталмаған инспекторларға сыйақылар төленген: 2022 жылы - 4,5 млн теңге, 2023 жылы - 17,2 млн теңге.
Сонымен қатар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, Сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларын және ішкі регламенттеуші құжаттарды бұзу және сақтамау фактілері анықталды. Атап айтқанда, аудиторлық дәлелдемелер тиісті түрде ресімделмеген.
Сонымен бірге Тексеру комиссиясы тексеру қорытындылары бойынша берілген нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде тиісті дәрежеде шаралар қабылдамаған.
Жоғары аудиторлық палатада анықталған бұзушылықтарды жою және Тексеру комиссиясы жұмысының тиімділігін арттыру үшін қатаң бақылау шараларын енгізу, бюджет қаражатын жоспарлау және жұмсау процестерін қайта қарау, сондай-ақ бюджет тәртібін бұзғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыра отырып, оның ішінде материалдарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолдай отырып жауапкершілікті күшейту қажет екендігі атап өтілді.
ЖАП отырысының қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті лауазымды адамдардың жауапкершілігі қаралатын болады.
Дереккөз - Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 17:46 11331
Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Новосибирск қаласында Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды" деп көрстілген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол қамауда. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:20 13796
"Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды
Достарға айту
Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды.
Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді.
Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді.
ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 17:39 20186
Қазақстанның әскери мектептерінде қауіпсіздіктің өрескел бұзылуы анықталды
Достарға айту
Бас әскери прокуратура Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында "Жас Ұлан" әскери орта білім беру мекемелерінің қызметін ұйымдастыруына тексеру жүргізді, онда 908 кәмелетке толмаған тыңдаушылар оқиды.
Оқу-материалдық процестің білім беру қызметтерінің қауіпсіздігі мен сапасы, өртке қарсы және санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау мәселелері зерделенді.
Тексеру нәтижелері бірқатар бұзушылықтарды ашты, деп мәлім етті.
Балалардың қауіпсіздігін сақтамау, өртке қарсы және санитарлық нормалар мен ережелердің бұзылуы, мектептерді материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігі және басқа бұзушылықтар анықталды.
Балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүргізуші куәлігінің тиісті санаты жоқ адам жүзеге асырған.
Мектептерді жарақтандыру тиісті нормаларға сәйкес келмейді (жиһаз, кереуеттер, тұғырлар, парталар, орындықтар), мектептерде спорттық құрал-саймандар (төсеніштер, спорттық тренажерлер, футбол, волейбол доптары) жоқ.
Мектеп ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді, онда тыңдаушыларды оқыту барысында олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Көрсетілген барлық фактілер бойынша Қорғаныс министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша мектептерді жөндеуге қаражат бөлінді, заң бұзушылықтарды жою жоспары әзірленді, 14 жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 12:46 22091
СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алуды деген күдікке ілінді
Тергеу жалғасуда
Достарға айту
СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алуды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Тергеу сотының санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 12:22 22476
М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.
Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды.
Ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.
Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.
Ағымдағы жылдың 15 мамырында ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді.
Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
17.05.2024, 11:24Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді 17.05.2024, 12:26 13371Қазақстанда 200-ден астам отбасы су тасқынынан қираған үйлерінің орнына жаңа баспана алды17.05.2024, 11:37 4616Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды17.05.2024, 12:15 4316ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды17.05.2024, 11:28 3701Қытайда алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтеді
12.05.2024, 10:05 68406"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында 6500-ден астам іс-шара өткізілді14.05.2024, 17:59 56511Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды14.05.2024, 17:57 56421Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады14.05.2024, 17:41 56376Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары жалған вакцинацияның 365 фактісін анықтады12.05.2024, 10:01 51476Қазақстанда 130 отбасы ескі тұрғын үйлерінің орнына жаңа баспанаға ие болды
24.04.2024, 18:17 157506Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 155801Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 152781Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 149931ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды22.04.2024, 16:42 132221Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады