25.07.2025, 19:27 40191

Топтық зорлау үшін 13 жыл жасырынған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

Топтық зорлау үшін 13 жыл жасырынған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
Қырғыз Республикасынан топтық зорлау үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Күдікті 2012 жылы Жамбыл облысында басқа алты адаммен бірге жиынға екі қызды шақырып, олардың сусындарына клофелин араластыру арқылы дәрменсіз күйге келтіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Қылмысқа қатысушылар әртүрлі жаза мерзімдеріне сотталған, ал күдікті жасырынып, 13 жыл іздеуде болған.

Ағымдағы жылдың сәуірінде ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны