25.07.2025, 12:59 31446

Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі ұсталды

Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 21-23 шілде аралығында өтіп жатқан "Тасымалдауш жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 23 шілде күні қалада тасымалмен айналысатын ПАЗ автобусын тоқтатты.

Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Ол бірден наркологиялық диспансерге жеткізіліп, сараптама қорытындысы бойынша жеңіл дәрежелі масаң күйде болғаны расталды.

Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, автобус тұраққа қойылды.

Масаң күйде көлік жүргізген жүргізушіге 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны