03.07.2025, 13:22 77766

Жамбыл облысында шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия қаражаттың жымқыру фактісін анықталды

Сарысу ауданының прокуратурасы 38,1 млн теңге көлеміндегі шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия қаражаттың жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен субсидияланған аудандағы 8 шаруашылықта бұрғыланған құдықтардың тереңдігі жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтіні анықталды.

2025 жылғы 30 сәуірде аталған дерек бойынша ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (аса ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны