13.04.2006, 16:54 514

Президент Қазақстанның 2015-жылға дейінгі көлік стратегиясын бекітті

АСТАНА. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2015-жылға дейінгі көлік стратегиясын бекітті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі көлік стратегиясын бекітуді қаулы етемін”,- делінген президент жарлығының мәтінінде.

Құжатқа сәйкес, республика үкіметіне стратегияны жүзеге асыру шараларының жоспарын бір айдың ішінде жасап, бекіту тапсырылды. Стратегияның жүзеге асырылу барысы жайында үкімет президентке жыл сайын 30- қаңтарда ақпарат беріп тұруға тиіс.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, стратегияның жобасын мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР көлік және коммуникациялар министрлігі жасаған. Стратегия аясында 50 мың шақырымдай автожолдар, 2 мың шақырымдай темір жолдар салу, Ақтау және Құрық айлақтарын дамыту, әуе кемелерінің паркін құру көзделген.

Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?