18.03.2022, 17:08 79391

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландыру көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізіледі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландыру көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізіледі
НҰР-СҰЛТАН. 18 НАУРЫЗ - Қазіргі уақытта Қазақстанда 1,3 трлн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландыру көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша тұрақты тексерулер жүргізеді. "Айналым схемасы" шеңберінде сатып алуды қаржыландыруды 54,6-дан 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Ал тұрақтандыру қорларын есепке алатын болса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізілетін болады", — деді Үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Е. Баттақов.

 
Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында республикалық және өңірлік деңгейлерде шаралар қабылдануда. Осылайша, елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар, бұл халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
 
Бағаны тұрақтандыру құралдарын жетілдіру мақсатында жаңа тәсілдер әзірленіп жатыр. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сатып алу көлемін ұлғайтумен, үш бағыт бойынша тауарлар бөлінісінде азық-түлік сатып алу ұсынылады. 
 
Бірінші: ұзақ мерзімді сақтау тауарларын (күріш, қант, тұз және қарақұмық жармасы) тұрақтандыру қорларына жергілікті атқарушы органдардың тікелей және форвардтық сатып алуы арқылы сатып алу ұсынылады. 
 
Екінші: "Айналым схемасы" шеңберінде көкөністерді, етті, сүт өнімдерін және күнбағыс майын сатып алу. 
 
Үшінші: ұн, нан және рожки өндірісін арзандату үшін бидайды "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ арқылы сатып алу ұсынылады. Сондай-ақ аталған институтты астық және күнбағыс тұқымдарын сатып алу үшін тарту ұсынылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны