15.06.2026, 19:19 981

Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері КОПУОС-тың 69-сессиясында таныстырылды

Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері КОПУОС-тың 69-сессиясында таныстырылды
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан делегациясы маусымның 10-18 аралығында Вена қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетінің 69-сессиясына қатысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық баяндама барысында Қазақстан ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану қағидаттарына, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, сенімді нығайтуға және барлық мемлекеттердің ғарыштық технологиялардың артықшылықтарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұстанатындығын растады.

Елдің ғарыш саласы үшін тарихи маңызы бар оқиғаға - 2026 жылғы 30 сәуірде "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінен жаңа буындағы "Союз-5/Сұңқар" зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымына ерекше назар аударылды. Зымыранның ұшу-конструкторлық сынақтарының сәтті өтуі Қазақстанның ғарыштық қызметтер нарығындағы позициясын нығайтуға және ел аумағындағы заманауи ұшыру инфрақұрылымын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Сондай-ақ, Қазақстан базасында ғарыштық жағдайды бақылау жөніндегі өңірлік орталық пен халықаралық телескоптарды орналастыруға арналған International AstroHub ашық платформасы құрылып жатқан Ассы-Түрген обсерваториясының дамуы туралы ақпарат ұсынды.

Бұдан бөлек, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың дамуы, оның ішінде OTS SAT ғылыми наноспутнигін іске асыру жобасы атап өтілді.

Сөз соңында Қазақстан Комитетке мүше мемлекеттерді, халықаралық ұйымдар мен серіктестерді 2026 жылғы 7-9 қыркүйекте Астанада өтетін "Space Days Kazakhstan - 2026" халықаралық форумына қатысуға шақырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны