21.07.2021, 23:39 9624

Қызылорда облысы сумен 100% қамтамасыз етілді - Қазсушар

Барлығы 2 млрд 78 млн текше метр су жеткізілді.
ҚЫЗЫЛОРДА. 21 ШІЛДЕ - Қызылорда облысында су тапшылығына қарамастан сумен қамту 100% құрайды. Бұл туралы "Қазсушар" РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазсушар" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінде біз пайдаланушыларымызды сумен 100% дерлік қамтамасыз етеміз, барлығы 2 млрд 78 млн текше метр су жеткізілді. Біз барлық арналар бойынша су айналымының кезектілік жоспарын жасадық. Су тапшылығын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Мысалы, Шиеліде және басқа аудандарда біз Қызылорда филиалынан өз күшімізбен жетіспеушілік жағдайында қосымша су беру үшін сорғылар орнатып жатырмыз", - дейді Жорабек Ерназаров.

 
Оның айтуынша, биылғы жылы өңірде су аздығының күтілетін кезеңіне байланысты алдын алу шараларды қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды. Ең алдымен, су тапшылығы жөніндегі болжамдар жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілері хабардар етілді. Оларға осы жоспарда көзделген егіс көлемінен аспау ұсынылатыны, ал жоспарланғаннан асып кеткен алқаптарға су беру жөніндегі келісімшарттар жасалмайтыны ескертілді.
 
Сондай-ақ, филиал вегетациялық кезең басталғанға дейін республикалық меншіктегі магистралдық, шаруашылықаралық арналарды механикалық тазарту жұмыстарын жүргізді.
 
Сонымен қатар, су тапшылығына байланысты егіс алқаптарының сумен қамтамасыз етілмей қалу қаупін азайту жөніндегі шаралар жоспары құрылды.
 

Қармақшы ауданында егіс алқабы үшін Батыс Қармақшы коллекторының коллекторлық суын қайта пайдалану жоспарлануда. Қазір бұл жұмыстарға 16 машина, 26 жұмысшы, 10 инженер тартылған. Біздің мамандар мен басшылық пайдаланушыларды сумен қамтамасыз ету бойынша туындайтын мәселелерді шешу үшін таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда "Қазсушар" РМК Қызылорда филиалында 800-ге жуық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде машинистер, реттеушілер, гидротехниктер және т.б.", - деді Қазсушар өкілі.

 
Ерназаровтың айтуынша, Қызылорда облысында 67 сорғы қондырғысын сатып алу жоспарлануда. Бүгінде бүкіл өңір бойынша осындай 40-қа жуық қондырғы жұмыс істейді. Биыл облыстың бес арнасын суды есепке алу құралдарымен жабдықтау жоспарланып отыр. 
 

Бұл жаңа Шиелі магистралды арнасы, О-2 шаруашылықаралық арнасы, Келінтөбе магистралды арнасы, "Әйтек" шаруашылықаралық арнасы және "Сунақ-Ата" шаруашылықаралық арнасы", - деді Ерназаров.

 
Қызылорда облысында егін егу тек суармалы жерлерде жүргізіледі, олардың жалпы ауданы 240 мың га құрайды. Суармалы егіншілік алқаптарын кеңейтуге гидротехникалық құрылыстар, оның ішінде Қызылорда гидроторабы арқылы қол жеткізіледі.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қызылорда облысының Арал ауданында құрғақшылық пен үй жануарларына арналған азық тапшылығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны