20.09.2022, 15:35 13601

Бидай мен меслиннің экспорттық бағасы бір айда 10%-ға өсті

Экспорттың өзі заттай мәнде 3%-ға және құндық мәнде бірден 40%-ға өсті.
Бидай мен меслиннің экспорттық бағасы бір айда 10%-ға өсті
АСТАНА. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Бір айда бидай мен меслиннің экспорттық бағасы 10%-ға және бір жылда 32%-ға өсті. 
 
Экспорттың өзі заттай мәнде 3%-ға және құндық мәнде бірден 40%-ға өсті, деп хабарлайды Еnergyprom.kz.
 
Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстаннан экспортқа 1 млрд АҚШ долларына 3,3 млн тонна бидай мен меслин жіберілді. Заттай көріністе өсім 3,2%-ды, ал ақшалай көріністе 40,4%-ды құрады.
 
ТМД елдеріне 2,3 млн тонна өнім жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3%-ға артық. Ең көп көлем Өзбекстан (1,5 млн тонна), Тәжікстан (416 мың тонна) және Түркіменстанға (217,9 мың тонна) экспортталды.
 
ТМД құрамына кірмейтін өзге елдерге 1 млн тонна бидай жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Мәселен, Иранға 458,9 мың тонна өнім жіберілді, мұндағы жылдық өсім 34,2%-ды құрады. Топ-3 елдің қатарына Ауғанстан (267,3 мың тонна) және Италия (151,2 мың тонна) да кірді.
 
2022 жылғы шілденің қорытындысы бойынша бидай мен меслинге экспорттық жеткізілімдердің бағасы бір айда 10,1%-ға, жыл басынан бастап 14,5%-ға және бір жылда 32,1%-ға өсті.
 
Оның ішінде ТМД елдері үшін айлық динамикадағы бағалар 11%-ға, қалған елдер үшін 8,4%-ға өсті. Жылдық динамикада ТМД елдері үшін бағаның өсуі 35,4%-ды, қалған елдер үшін 23%-ды құрады.
 
Биыл бидайға арналған егіс алаңы 12,9 млн гектарды құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,2%-ға артық.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны