27.10.2022, 14:21 17821

1 қарашадан бастап Астана - Павлодар тікелей әуе рейстері ашылады

Рейстер аптасына 4 рет жиілікпен жүзеге асырылады.
Астана. 27 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысының Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана - Павлодар бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін ашу тапсырылған болатын. Осыған орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тиісті жұмыстарды жүргізді.
 
Нәтижесінде биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана - Павлодар әуе маршрутын іске қосты. Аталған бағыттағы билеттер құны 10 мың теңге көлемінде.
 

Билеттерді сату бүгінгі күннің соңына дейін басталады", - деп атап өтті ААК.

 
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Павлодардан Астанаға тікелей рейстер жоқ екенін атап өткен болатын.
 

Жыл соңына дейін Үкімет Павлодар - Астана бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі қажет. Сондай-ақ, жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтау қажет", - деп тапсырды Президент.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны