01.06.2026, 16:33 25846

СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді

СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді
Сыртқы істер министрлігі (СІМ) қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде сақталуы тиіс ұсынымдарды жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында Америка Құрама Штаттарында, Канадада және Мексикада футболдан әлем чемпионаты өтеді. Бұл додаға көптеген шетелдік жанкүйерлер, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтары да қатысады", - деп еске салды СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.


Осыған байланысты СІМ матчтар мен чемпионат аясындағы өзге де іс-шараларға баруды жоспарлап отырған азаматтарға сақтық шараларын күшейтіп, жеке қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуға кеңес береді.

Өзіңізбен бірге әрдайым жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алып жүруді, жергілікті құқық қорғау органдары мен іс-шара ұйымдастырушыларының талаптарын қатаң сақтауды, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды және ресми көлік қызметтерін пайдалануды ұсынамыз", - деді Ерлан Жетібаев.


Сондай-ақ ведомство азаматтарды рұқсат етілмеген жаппай іс-шараларға қатысудан және чемпионаттың ресми аймақтарынан тыс жерлердегі адам көп шоғырланған орындарға барудан сақ болуға шақырды.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, барған елдің жедел қызметтеріне дереу хабарласып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық мекемелерімен байланыста болу қажет", - деп қосты ресми өкіл.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны