11.12.2006, 16:06 2750

2006 жылдың желтоқсанында ҚР Ұлттық қордың активі 13 млрд доллардан асты

АСТАНА. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today. Биылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорындағы активі 13 227, 81 млн. немесе 1694 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне қаржы министрлігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметтрінше, Ұлттық қорға кейінгі 11 айда келіп түскен қаржының басым бөлігі мұнай секторындағы кәсіпорындардың салық есебінен - 578 млрд. теңге болған. Сонымен қатар, /жалпы түскен соманың 67,2 %/ заңды тұлғалар мен роялтидің /29,2%/ кооперативтік кіріс салығынан түскен. Ал азық түлік саласынан түскен кіріс жалпы соманың 3,5 % құрайды.

Ұлттық қор құралымына жаңа механизм 2006 жылдың 1 шілдесінде енгізіліп, осы бес ай аралығында /шілде -қараша/ қорға 407 млрд теңгелік 138 төлем келіп түскен. Олардың 108 теңгемен, ал 30 шетелдік валютада болған. Орташа есеппен айына 82 млрд теңгелік 27 төлем түсіп отырған.

Қаржы министрлігінің көрсетуінше, Ұлттық қор активтерінің өсуі негізінен мұнай секторындағы кәсіпорындар санының биылғы шілдеден бастап көбеюінен /6 -дан 55-ке дейін/ болған. Сонымен қатар, қорға республикалық меншік иелігіндегі және тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүліктерді жекешелендіруден, сонымен қатар, ауыл шаруышылық мақсатта қолданылған жер телімдерін сатудан түскен қаржылар негізінде болған. Ұлттық қорға түскен активтерді санау үшін Қазыналық комитетте ҚР Ұлттық қорының бақылау есеп шоты ашылды.

Ұлттық қор құрылымының жаңа механизмі ескі механизммен салыстырғанда онда ҚР ҰҚ бақылау есеп шотына түскен барлық сома қорға күнделікті аударылып тұрады,-деп баспасөз қызметінен түсіндірді. Ал мұнай секторындағы кәсіпорындардан шет елдік валютада түсетін төлемдер Ұлттық қорға конвертация күні аударылады. Бұл бағамдық айырмашылыққа байланысты қабылданған шара.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны