11.12.2012, 10:35 3268

2013 жылы мемлекеттік мал дәрігерлік ұйымдар барлық қажетті құралдармен жабдықталатын болады

"2013 жылы біз мемлекеттік мал дәрігерлік ұйымдарын мал өліктерін өртейтін пештер мен мал тасуға арналған тіркемелерден басқа барлық қажетті құралдармен және аспаптармен жабдықтайтын боламыз", - деді А.Мамытбеков.

Астана. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2013 жылы мемлекеттік мал дәрігерлік ұйымдар барлық қажетті құралдармен жабдықталатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асылхан Мамытбеков республикада ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі алқа мәжілісінде мәлім етті.

"2013 жылы біз мемлекеттік мал дәрігерлік ұйымдарын мал өліктерін өртейтін пештер мен мал тасуға арналған тіркемелерден басқа барлық қажетті құралдармен және аспаптармен жабдықтайтын боламыз", - деді А.Мамытбеков.

Бұл мақсаттар үшін 2013-2014 жылдың бюджетіне қаржы салынатан болады деп атап өтті ол.

АШМ басшысы, бүгінгі күні барлық елді мекендерде, оның ішінде аудандарда да ветстанциялар, ауылдарда - ветпункттер бар екенін айтты.

"Біз ауылдық округтерге дейін мемлекеттік ветстанциялар болған уақытқа қайта ораламыз. Осы жылғы қаңтар айында тиісті заңға қол қойылды, ол бойынша жергілікті атқару органдары ветеринария саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар құруға міндетті. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылғы көктемде орындалды. Барлық елді мекендерде, оның ішінде аудандарда да ветстанциялар, ауылдарда - ветпункттер бар", - деді министр.

АШМ мәліметтері бойынша, қазірде республикада 11 облыстық, 15 аудандық мал дәрігерлік зертхана жұмыс істейді, 2013 жылы 63 зертхана салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны