15.02.2022, 16:05 11891

ҰЭМ инфляцияны 2022 жылы 4-6% дәлізінде ұстауды жоспарлап отыр

ҚР ҰЭМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022-2024 жылдарға арналған Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін әзірледі.
ҰЭМ инфляцияны 2022 жылы 4-6% дәлізінде ұстауды жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН. 15 АҚПАН - ҚР Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022-2024 жылдарға арналған Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін әзірледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ҚР Үкіметінің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҰЭМ басшысы атап өткендей, Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, сақтау мен логистикаға, бөлшек саудаға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталған жедел және орта мерзімді сипаттағы 61 іс-шарадан тұрады.
 

Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырудың мақсаты – инфляцияны 2022 жылы 4-6% дәлізінде ұстап тұру және оны 2025 жылға қарай 3-4% деңгейге дейін төмендету. Бұл іс-шаралар Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын қабылдауды, тұрақтандыру қорларының жүктемесін қамтамасыз етуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізушілер үшін жалдау ақысын төмендетуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, жанар-жағармай, көмір, электр энергиясы, дәрілік препараттар және т.б. бағалардың өсуін тежеуді қамтиды", - деді Қуантыров.

 
Елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында биыл қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысы жедел және жүйелі сипаттағы 140 тапсырма берді. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды. 32 тапсырма аяқталу сатысында.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны