27.12.2024, 12:00 77011

2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді

2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ел экономикасы мен халқын энергетикалық қауіпсіздікпен, сенімді энергия жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында 2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді.

Ағымдағы жылы қуаттылығы 500 МВт Екібастұз МАЭС-1 №1 энергоблок пайдалануға берілді, қуаттылығы 65 МВт Атырау ЖЭО № 6 турбоагрегатын және қуаттылығы 43 МВт Жезқазған ЖЭО № 8 қазандық агрегатын ауыстыру жүзеге асырылды, сондай-ақ жиынтық қуаттылығы 163,35 МВт ЖЭК жобалары сәтті енгізілді.

Жоғарыда аталған станцияларды жаңғырту белгіленген электр қуатын арттыруға және парктік ресурсын жаңартуға бағытталған.

Өз кезегінде жаңартылатын энергия көздеріненгізу жасыл генерацияның үлесін арттыруға және елді қосымша қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны