Huawei Kazakhstan 32%-дық өсімді тіркеп, 2026 жылға арналған технологиялық басымдықтарды белгіледі
Сурет: Huawei
Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы компанияның қазіргі және жаңа серіктестерінің басып қосып, дәстүрлі Partner Conference 2026 іс-шарасын өткізді. Қатысушылар іскерлік экожүйені дамыту, салалық басымдықтар және Қазақстан мен Орталық Азияның бірлесіп өсу жолының жаңа мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Huawei.
2025 жылдың қорытындысы бойынша компания жергілікті нарықта тұрақты өсім көрсетті. Қазақстандағы Huawei Technologies компаниясының табысы 32%-ға артты, ал серіктестік сыйақылар мен рибейттердің көлемі 6 миллион АҚШ долларынан асып, алдыңғы жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда 50%-ға жоғарылады. Компанияның белсенді серіктестерінің саны да 17%-ға өсіп, 200-ден асты.
Конференцияның басты тақырыбы жасанды интеллект инфрақұрылымы негізгі рөл атқаратын жаңа технологиялық күн тәртібіне көшу болды. Компания Қазақстан мен Орталық Азиядағы ЖИ бағытының дамуын, соның ішінде Ascend 950 чипі негізіндегі шешімдерді таныстырды.
2026 жыл Қазақстан үшін жасанды интеллект жылы болады және біз мұнда ең озық Ascend 950 ЖИ-чипін таныстырдық. ЖИ тиісті инфрақұрылымсыз толыққанды жұмыс істей алмайтынын түсіну маңызды, сондықтан ЖИ мен Atlas платформасының үйлесімі қажетті тиімділікті қамтамасыз етеді. Қазақстандағы біздің артықшылығымыз келесі үйлесімде: біз көптеген жылдар бойы әртүрлі салаларда, сымсыз желілер мен АT бағытында жұмыс істеп келеміз, ал енді бізде ЖИ-чип те бар. Барлық клиенттер мен серіктестер бұл үйлесімді өз кәсіпорындары үшін, Huawei-мен серіктестікте және клиенттердің бизнесі үшін пайдалана алады", - деді Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясуй.
Huawei-дің ЖИ-ге арналған шешімдерін TikTok, Alibaba және Tencent сияқты ірі технологиялық компаниялар қазірдің өзінде пайдаланып отыр. 2026 жылы Huawei Kazakhstan өңірде бұл бағытты белсенді түрде дамытып, аппараттық инфрақұрылымды бағдарламалық шешімдермен, салалық қосымшалармен және серіктестердің интеграциялық сервистерімен біріктіруді көздейді.
Инновациялар біздің басты басымдығымыз болып қала береді: жаһандық табыстың 126 миллиард долларының 27 миллиарды зерттеулер мен әзірлемелерге бағытталды. Бүгінде қызметкерлеріміздің 55%-ы дәл осы салада жұмыс істейді. Бұл бізге Wi-Fi 7 және деректерді сақтау жүйелері сияқты бағыттарда көшбасшылықты сақтауға мүмкіндік береді. Біздің талшықты-оптикалық жобаларымыздың ауқымы соншалық, олардың жалпы ұзындығы Жер шарын 30 реттен астам айналып шығуға жетеді", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan корпоративтік бизнес бойынша сату директоры Чэнь Вэй.
Серіктестік модельдің практикалық құндылығын қаржы секторындағы Unified Technologies компаниясының кейсі көрсетті. Компания Қазақстандағы филиалдық желісі кең ірі банк үшін іске асырылған жобаны таныстырды. Команда алдында бөлінген банктік инфрақұрылым үшін тұрақты, жоғары өнімді, ауқымдалатын және қорғалған желі құру міндеті тұрды. Жобада Huawei-дің SD-WAN, Campus Network, Data Center Network және Firewall негізіндегі шешімдері пайдаланылды. Нәтижесінде клиент тұрақты желілік инфрақұрылымға қол жеткізіп, шығындарын оңтайландыра алды.
Компания серіктестермен практикалық жұмысты күшейтетінін де атап өтті. Қазірдің өзінде Қазақстанда 300-ден астам бірлескен воркшоп өткізілді және 50-ден астам POC-жоба жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Huawei оқыту бағдарламаларын, демонстрациялық жобаларды, бірлескен маркетингті, техникалық сараптаманы және сатуды қолдау бағдарламаларын дамытуды жоспарлап отыр.
Тұрақты және ұзақ мерзімді ынтымақтастық ережелерді сақтау, адалдық пен ашықтықсыз мүмкін емес. Біздің басымдығымыз - серіктестердің мүдделерін қорғау және әділ орта қалыптастыру. Біз өзара тиімділік пен бизнесті жүргізудің жоғары стандарттарын сақтау ғана Қазақстанның бүкіл цифрлық экожүйесінің тұрақты өсімінің кепілі екеніне сенімдіміз", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бақылау және қадағалау жөніндегі директоры Ли Чэнь.
2026 жылы Huawei Kazakhstan компаниясының коммерциялық бизнесі қаржы секторына, білім беру саласына және IT бағытына ерекше назар аударады. Сонымен қатар компания цифрлық трансформацияға, инфрақұрылымдық шешімдерге және процестердің тиімділігін арттыруға сұраныс өсіп жатқан басқа салалармен де жұмысты жалғастырады.
Конференция қорытындысы бойынша Huawei Technologies Kazakhstan серіктестік экожүйені елдің цифрлық трансформациясының негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде дамытуды жалғастыратынын растады. Компания серіктестерімен бірге Қазақстан мен Орталық Азия нарығында заманауи АКТ, ЖИ және салалық шешімдерді енгізуді кеңейтуді жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

