10.03.2021, 20:25 10947

Монополияға қарсы қызметкерлер нан, жұмыртқа және күнбағыс майын өндірушілерді баға келісімі бойынша тексереді

Нұр-Сұлтан. 10 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылдың басынан бастап монополияға қарсы орган бағаларды төмендету туралы хабарламаларды орындамаумен байланысты екі нан өндірушіге, екі күнбағыс майын өндірушіге және екі сауда желісіне қатысты 6 тергеп-тексеру тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы аптада жаңа ден қою шаралары қабылданды. Бағаларды төмендету туралы 25 хабарлама жіберілді:
 
- 13 жұмыртқа өндірушіге;
 
- 7 күнбағыс майын өндірушіге;
 
- 2 қантты көтерме саудада жеткізуші;
 
- 3 қарақұмық жармасын көтерме саудада жеткізуші.
 

Осы тауар позициялары бойынша 2 айда бағаның ең жоғары – 3-тен 11%-ға дейін өсуі байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ), сондай-ақ жекелеген өңірлерде бағасы 3%-дан асқан тауар позициясы бойынша ақпарат сұратылды. Бұл нан, ұн, тауық етін, макарон (рожки), сүт, айран, сары май, сүзбе өндірушілер", - деп хабарлады ведомствода.

 
Бұзушылық белгілері анықталғаннан кейін 10 күн ішінде оларға қатысты ден қою шаралары қабылданатын болады.
 
Осылайша, ӘМАТ-тың 12 тауар нарығы және олардың барлық ірі өндірушілері мен көтерме жеткізушілері дерлік монополияға қарсы бақылаумен қамтылды.
 
Қалған тауар позициялары - бұл бағаның маусымдық өсуі бар жеміс-көкөніс өнімдері немесе өсу индексі өткен жылдың деңгейінен аспайтын тауар нарықтары.
 
БҚДА-де 34 ірі құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері анықталғанын айтты.
 

Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа құнының өсуі +11,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1,4%-ға төмендеу байқалды). Өңірлерде тауық жұмыртқасы Семей қаласында - 22,4%, Өскемен - 21,6 %, Қостанай - 16,5%, Жезқазған - 15%, Алматы - 13,4%, Ақтау - 13,3%, Павлодар - 13,7%, Орал - 11,8%, Алматы - 13,4%, Талдықорғанда - 12,3%-ға қымбаттады. Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 13 тауық жұмыртқасын өндірушіге (Шымкент қаласы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау облыстары) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілді. Хабарлама Кәсіпкерлік бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды", - деп бөлісті монополияға қарсы қызметкерлер.

 
Сонымен бірге, бағаның күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл құс тұмауының өршуі және құс басының 15 -ға қысқаруы, азық құнының 150%-ға артуы.
 
Қазіргі кезде құс фабрикалары "Адель-кус" ЖШС, "Алекри" ЖШС, "Алсад" ЖШС, "Алель Агро" ЖШС, "Агроинтерптица" ЖШС, "Майқұдық құс фабрикасы" ЖШС, "Сары-Бұлақ" ЖШС және "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС құстардың өліміне байланысты тауық жұмыртқасын өндірмейді.
 
Сонымен қатар, жыл басынан бері екі ай ішінде күнбағыс майы құнының өсуі 6,7%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 0,3%-ға төмендеуі байқалды). 
 
Өңірлерде ең көп күнбағыс майы Шымкент қаласында – 14,6%, Атырау - 12,8%, Орал - 12,9%, Семей - 11,8%, Ақтөбе - 9,7%, Талдықорған - 9,6%, Тараз - 8,6%, Жезқазған - 7,9%, Қарағанды - 7,8%, Өскемен - 7,6%, Петропавл - 7%, Қостанай -6,9%, Ақтау - 4,9%, Көкшетауда - 4,5% қымбаттады.
 

Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 7 нарық субъектісіне (Шымкент қ., ШҚО, Қарағанды обл. өндірушілер мен көтерме сауадад жеткізушілер) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілді", - деп хабарлады ведомствода.

 
БҚДА ақпараты бойынша, бүгінгі күні Ақтөбе облысындағы келісілген әрекеттер және Алматы қаласындағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 2 тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
 
Сонымен бірге бағалардың күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл мұнайға әлемдік бағалардың 53,8%-ға өсуі, шикізатқа сатып алу бағасының өсуі, өндірушілердің өткен жылғы егіннің шикізат қорын қысқартуы.
 

Атап айтқанда, шикізатты сатып алу бағасының жоғары болуына және шикізаттың болмауына байланысты ШҚО-дағы күнбағыс майын өндіретін ірі өндіруші "Востоксельхозпродукт" ЖШС өз өндірісін тоқтата тұрды", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны