18.05.2021, 22:51 10105

Сауда министрлігі: ЕАЭО мүшелігі қазақстандық экспорт номенклатурасын өзгертті

Өткен жылы тауар айналымының жалпы құлдырауының өзінде Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 35% - дан асты.
НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - 6 жыл ішінде Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 25%-ға өсті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
ОКҚ брифингінде Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова хабарлағандай, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге экспорт 2015-2020 жылдары 25% немесе 5,1-ден 6,4 млрд долларға дейін өсті: Ресейге - 25%, Беларуське - 2 есе, Қырғызстанға - 20%, Арменияға - 6 есе. 
 
Оның айтуынша, ЕАЭО-да өзара сауда көлемін ұлғайтуға кедендік декларациялауды, сәйкестік сертификаттарын, ветеринариялық және санитариялық құжаттарды өзара тануды алып тастау есебінен экспорт кезінде құжаттық жүктемені төмендету сияқты бизнес үшін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. 
 

Егер тәуелсіздік алған алғашқы жылдары экспортта дәстүр бойынша шикізат тауарлары басым болса, қазіргі кезде біздің экспорттың 58%-ын өңделген өнім құрайды. 2015-2020 жылдары ЕАЭО елдеріне шикізаттық емес тауарлар экспортының өсуі 35%-ды, 2,8-ден 3,7 млрд долларды құрады. Ресейлік сауда желілеріне жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу 2,3 млрд доллардан асты", - деп хабарлады вице-министр.

 
Ол ЕАЭО-ға мүшелік қазақстандық экспорт номенклатурасын өзгерткенін атап өтті.
 
Кушукованың айтуынша, ЕАЭО құру қарсаңында 2014 жылы қайта өңдеу экспорты шетелге сатылған жалпы көлемнің 23,2%-ын иеленді. Өткен жылы тауар айналымының жалпы құлдырауының өзінде Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 35% - дан асты.
 

Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктері бұған көп жағынан ықпал етті. Бізге ЕАЭО бойынша әріптес елдердің инфрақұрылымына қолжетімділік және теміржол көлігімен тасымалдау кезінде ішкі тарифтер ұсыну көмектеседі. Бұл экспортталатын өнімнің түпкілікті құнын айтарлықтай төмендетеді. Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдерге қол қоюы қазақстандық кәсіпкерлер үшін маңызды басымдық болып табылады. Біздің кәсіпкерлерге осындай келісімдер аясында жеңілдік шарттары бойынша үлкен, ауқымды нарықтарға шығу мүмкіндігі беріледі. Яғни, олар кедендік баждар төлемейді, немесе кедендік баждар едәуір төмендетіледі, сондай-ақ негізсіз тарифтік кедергілер мен басқа да шектеулер қолданылмайды", - деп түсіндірді вице-министр.

 
Атап айтқанда, Вьетнаммен, Сербиямен, Иранмен және Сингапурмен еркін сауда аймақтары туралы келісімдер бар. Бұл қазақстандық тауарлар экспортын 1 млрд АҚШ долларына дейін қосымша арттыруға мүмкіндік берді. Қазақстанның Вьетнаммен тауар айналымының өзі 54%-ға өсті. Сонымен қатар, бұл ретте өңделген тауарлар туралы айтылып отырз: металлургия, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімдері.
 
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ Израильмен, Египетпен және Үндістанмен келісімдер жасасу бойынша келіссөздер жүргізуде. ИСМ деректері бойынша еркін сауда аймағы шеңберінде қазақстандық экспортты ұлғайту әлеуеті шамамен 800 млн АҚШ долл.
 
Айта кетейік, 2020 жылы ЕАЭО-ға үшінші елдерден тартылған инвестициялар 25,3 млрд АҚШ долларды құрады. Олардың басым бөлігі Қазақстанға тиесілі - 17 млрд АҚШ доллары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны