21.05.2021, 23:54 12471

Тоқаев ЕАЭО шеңберінде электрондық сауданы дамыту қажеттігі туралы мәлімдеді

Тоқаев бүгінгі күннің негізгі үрдісі онлайн-сауданың қарқынды дамуы болып табылатынын атап өтті.
НҰР-СҰЛТАН. 21 МАМЫР - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аясында электрондық сауданы дамыту қажеттігіне сенім білдірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тоқаев бүгінгі күннің негізгі үрдісі онлайн-сауданың қарқынды дамуы болып табылатынын, ол елдер арасындағы шекараны бұлдыратып, дәстүрлі дүкендерді біртіндеп ығыстырып жатқанын атап өтті.
 

Бізге де ұлттық және одақтық онлайн-сауда алаңдарын дамыту үшін жағдай жасау қажет деп санаймын", - деді Қазақстан Президенті.

 
Ол халықтың онлайн-саудаға деген сенімін арттыру маңызды екенін атап өтті.
 

Бұл тауарлардың қауіпсіздігі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ салықтар мен кедендік баждарды төлеудің толықтығын қамтамасыз ету мәселелерін шешуді талап етеді. Сондықтан, электрондық сауданы дамыту жөніндегі комиссияның жұмысы аясында осы сәттердің барлығын қарастырған жөн деп санаймыз", - деді Тоқаев.

 
Бұған дейін Қазақстан Президенті Одақ аясындағы сауда кедергілері мәселесі туралы айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны