09.02.2022, 18:12 34136

Ұлттық Банкте теңгенің нығаю себептері туралы айтылды

Ұлттық Банкте теңгенің нығаю себептері туралы айтылды
НҰР-СҰЛТАН. 9 АҚПАН - Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ұлттық валюта теңгенің нығаю себептері туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ұлттық валютаның оң динамикасының негізгі факторлары ретінде бір баррель үшін 90-91 АҚШ доллары белгісінен жоғары тұрған мұнайдың жоғары бағасы, Украинамен болған жағдай бойынша геосаяси тәуекелдердің төмендеуі және соның салдарынан Ресей рублінің нығаюы (ай басынан бастап 3%-ке) болып табылады. Қараша-желтоқсанда позицияларды белсенді өсіргеннен кейін заңды тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ республикалық бюджетке эскпорттаушылардың салық төлемдері алдындағы қолайлы маусымдық фактор ұлттық валютаға қолдау көрсетеді", - деді Молдабекова.

 
Оның айтуынша, қаңтардың басында бұрын-соңды болмаған оқиғалардан кейін валюта нарығындағы жағдай толығымен қалыпқа келді.
 

Бір аптаға жуық сауда-саттық болмағаннан кейін шетел валютасына жинақталған сұраныс пайда болды және сатушылардың саны шектеулі болуы кезінде, 12 және 13 қаңтарда Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізді. Олардың көлемі 240 млн АҚШ долларын құрады. Бұдан кейін бір ай ішінде Ұлттық Банктің араласуы талап етілмеді", - деп атап өтті Молдабекова.

 
Ол ақпанның басынан бастап теңге 427,95 деңгейіне дейін 1,3%-ке нығайғанын атап өтті.
 
Бүгінгі таңда Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің долларға қатысты бағамы бір доллар үшін 426,70 теңгені құрайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны