18.03.2022, 20:44 99441

ҚР Ұлттық Банкі мереке күндеріне доллар бағамын белгіледі

НҰР-СҰЛТАН. 18 НАУРЫЗ - Ұлттық банк 19-24 наурыздағы доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі.
 
Мереке күндері доллар бағамы 505,22 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америка валютасының 18 наурыздағы ресми бағамы 506,14 теңге. 19-24 наурыздағы рубльдің ресми бағамы 4,90 теңге.
 
Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 505,22 теңге.
 
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып адудың орташа бағамы - 508 теңге, сатылым - 513 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орташа есеппен 509,85 теңгеден сатып алады, 513 теңгеден сатады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк наурыз айының басынан бері 542 млн долларға интервенция жүргізген болатын.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны