Система Orphus

Тоқаев инфляцияны белгіленген шекті межеге қайтаруды тапсырды

13.05.2022, 17:32 19991
Тоқаев инфляцияны белгіленген шекті межеге қайтаруды тапсырды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы кеңес барысында Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған кешенді шаралардың толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы елімізде қабылданған шаралардың арқасында Қазақстан экономикасының өсімі 2021 жылы 4,1 пайыз болғанын атап өтті. Сонымен қатар инфляцияның өсімі бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгеніне назар аударып, биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша 2016 жылдың қыркүйегінен бері ең шарықтау шегіне, яғни 13,2 пайызға жеткенін айтты. 
 
Президент аталған мәселелерді шешу үшін Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын күшейту маңызды екеніне тоқталды. 
 
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны белгіленген шекті межеге қайтарудың маңызды екенін атап өтті, сондай-ақ Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған кешенді шаралардың толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
 
Бұған дейін Қазақстанда инфляция 13,2%-ға дейін жеделдегені хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны