18.07.2022, 16:52 13856

Қазақстаннан Уфаға жаңа рейстер ашылады

Қазақстаннан Уфаға жаңа рейстер ашылады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 18 ШІЛДЕ - Ресейлік Red Wings әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Уфаға жаңа тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Халықаралық қатынастарды одан әрі қалпына келтіру және рейстерді ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Алматы – Уфа жаңа бағытын ашу мәселесін пысықтады.
 

Осылайша, ресейлік "Red Wings" әуе компаниясы ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап Алматы – Уфа бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күні, сондай-ақ ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап Нұр–Сұлтан - Уфа бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күні тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", - деп хабарлады ҚР ААК.

 
Рейстер SU-95 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
 

Қазақстан мен Ресей арасында жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн. Билеттер әуекомпанияның ресми сайтында қолжетімді", - деп атап өтті ведомствода.

 
Бұған дейін хабарланғандай, ресейлік "Азимут" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Уфа бағытында әуе рейстерін іске қосады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны