16.08.2022, 15:45 9461

Қазақстан өндірілетін газдың жартысынан астамын экспорттайды

Халықтың 42%-ы газға қол жеткізе алмай отыр.
Қазақстан өндірілетін газдың жартысынан астамын экспорттайды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 16 ТАМЫЗ - Қазақстан өндірілетін газдың жартысынан астамын экспорттайды. Халықтың 42%-ы газға қол жеткізе алмай отыр. 
 
Сарапшылар екі жылдан кейін ресурс тапшы болады деп болжайды, деп хабарлайды energyprom.kz.
 
Қазақстандағы газ өндіру мен тұтыну күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Ел көгілдір отынға бай және ОПЕК-тің 2020 жылғы мәліметінше, газ қоры бойынша әлемде 19-шы орында. Дегенмен, Қазақстанда газ тұтыну жыл сайын тұрақты түрде өсіп, қолда бар ресурстардан асып барады.
 
Тұтынудың көбейіп келе жатқанына қарап сарапшылар 2024 жылдан бастап Қазақстанда газ тапшылығы болады деп болжайды. Ішкі нарықтағы сұраныс қолда бар газ ресурстарынан шамамен 1,7 млрд текше метрге асады, деп хабарлайды CABAR.Asia.
 
2015–2021 жылдар аралығында газ тұтыну 7 млрд текше метрге жуық артты, ал болашақта ол тек өсіп отырмақ. Өсімге жаңа өнеркәсіптік нысандар мен газхимиялық ірі жобалардың іске қосылуы ықпал етуде. Газ экологиялық таза отынға көшуде маңызды ресурсқа айналады.
 
Елімізде кез келген өндіріс түрін құруда көмірді емес, газды пайдаланғысы келетін дайын инвесторлар көбейіп келеді. Сонымен қатар, Энергетика министрлігінің 2017 жылы жүргізген зерттеуіне сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстандағы электр қуатының 25%–30%-ы газдан алынуы тиіс, деп жазады newtimes.kz.
 
Дегенмен, ішкі газды тұтынудың айтарлықтай бөлігі бұрынғысынша халықтың қажеттіліктеріне бағытталған, бұл үкіметтің басым энергетикалық саясаты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, елді газдандыру деңгейі 57,67%-ды құрады, яғни газ пайдаланатын халық саны 11 млн адамға жетті. Сонымен қатар, бұрын жазғанымыздай, Қазақстандағы газдандырылған ауылдар мен қалалардың 40%-дан астамы екі-ақ облысқа тиесілі.
 
Қазақстандағы "газдандырылмаған" халықтың 42%-ы, яғни 8-9 млн адам газсыз өмір сүріп, көмірді жылу көзі ретінде пайдаланады.
 
Елдегі газдандырудың мәселесі жалғыз инфрақұрылымның жоқтығына байланысты. Жыл сайын газдандыруға мемлекеттік бюджеттен 40 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Газдандыру жобалары жүзеге асып жатыр дейді шенеуніктер, бірақ қағазбастылық, жемқорлық, зауыттық апаттар мен газ бағасының арзандығы кедергі келтіруде.
 
Халықтың жартысына жуығы бұл ресурсқа қол жеткізе алмағанына қарамастан, Қазақстан өндірілген газдың жартысынан азын ғана тұтынады, ал ел ішінде газды тасымалдауға арналған газбен қамтудың ішкі кең желілерінің жоқтығынан оның көп бөлігін экспортқа шығарады. 2010–2021 жылдар аралығында Қазақстан жылдық газ өндірудің орта есеппен 58%-ын экспорттаған.
 
CABAR.Asia хабарлағандай, "QazaqGaz" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов елде жаңа жобаларды іске қосу, сондай-ақ жағып жіберу мен қайта айдау орнына газды өңдеу арқылы газ өндірісін арттыру жоспарланып жатқанын айтты. "Жалпы газдандыру схемасын жүзеге асыру жеке инвестицияларды және газ таратушы тәуелсіз ұйымдарды тарту арқылы жалғасады", — деді ол парламенттегі үкімет сағатында.
 
Сонымен бірге, Жаркешовтың айтуынша, алдағы жылдары Қазақстанның газ саласы дағдарысқа ұшырап, ел газ экспортын тоқтатуы мүмкін. Үкіметте бұл жағдайдан шығудың нақты жоспары жоқ. Бірақ бұл тұрғындар үшін көгілдір отынның құнын көтеру туралы тағы да әңгіме бастауға негіз болды.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газды экспорттан ішкі нарыққа бағдарлауды валюталық түсімдердің жоғалуына және сауда балансының нашарлауына әкелетін мәжбүрлі қадам деп атады.
 

Сондықтан бұл мәселені шешу үшін, оның ішінде ресурстық базаны және газды өңдеуді ұлғайту бойынша жүйелі шаралар қажет. Газ өндіру мен өңдеуді ұлғайту арқылы ғана мемлекет экспорттық пайда алып, ішкі қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алады", — деген Президенттің сөзін жеткізеді kapital.kz.

 
Ақпарат көзі: forbes.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Газ

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны