23.08.2022, 15:25 18751

Энергетика министрлігі: мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің қоры 14 күнге жетеді

Энергетика министрлігі: мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің қоры 14 күнге жетеді
НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - Биылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 180,0 мың тоннаны құрайды, бұл қажеттілікті 14 күнге жабады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Дизель отынының қоры 220,8 мың тоннаны құрайды, бұл 13 күнге жетеді. ҚР МӨЗ қоры Аи-92 – 71 мың тоннаны, дизель отыны – 53,4 мың тоннаны құрайды. Аи-92 бензині бойынша жағдай тұрақты, ЖМҚС негізгі желілерінде шектеулер жоқ", - деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысында.

 
Сонымен қатар, ол дизель отыны бойынша отын өткізуде шектеулер (талондар мен карталар бойынша отын жіберуге көшу, лимиттер белгілеу) байқалатынын атап өтті.
 

Қазіргі уақытта МӨЗ отынды жеткілікті мөлшерде өндіреді, МӨЗ-дегі қорлар шамамен 50 мың тоннаны құрайды, алайда МӨЗ-ден мұнай өнімдерін жөнелту тұрақты емес жүзеге асырылады, бос вагон-цистерналар жеткіліксіз мөлшерде жеткізіледі, вагондарды жеткізу бекеттеріне дейін жеткізу мерзімдерінің ұлғаюы байқалады", - деді министр.

 
Оның айтуынша, осыған байланысты логистикалық тізбектің барлық буындары – ҚР МӨЗ, ҚМГ, ҚТЖ, сондай-ақ мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысы қажет.
 
Сондай-ақ, Болат Ақшолақов жаңа редакциядағы "Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрық қабылданып, 22 тамызда күшіне енгенін еске салды. Бұйрыққа сәйкес бағалар сараланбақ.
 

Жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит тәулігіне қолданыстағы бағасы 230-260 теңге болатын 100 литр дизель отынын құрайтын болады, жүргізуші куәлігі мен техникалық паспорт болған кезде жүк көлігі үшін лимит тәулігіне 300 литр болады. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемдерден жоғары дизель отыны 450 теңгеден беріледі", - деді министр.

 
Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізуі үшін 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінгенін айтты. Шілдеде 106,6 мың тонна тиелді, тамызда 148,2 мың тоннаға төленді.
 
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткізу басым негізде жүзеге асырылады. Министрлік жөнелтімдерге тұрақты мониторинг жүргізуде.
 

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін баға ресурс ұстаушылардың келісімі бойынша 1 тонна үшін 222 мың теңге немесе 1 литр үшін 184 теңге деңгейінде анықталды. Жеткізу мен сақтауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін баға өңірге байланысты бөлшек бағадан 15-25%-ға төмен", - деп хабарлады Болат Ақшолақов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны