22.09.2022, 15:05 20636

Сенат асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңға түзетулерді мақұлдады

Заң жобасының қабылдануы асыл тұқымды мал шаруашылығын сапалы жаңа деңгейге көтеруге, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Сенат асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңға түзетулерді мақұлдады
АСТАНА. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Заң жобасының негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында заманауи нормативтік құқықтық базаны құру.
 
Осылайша, заң жобасы: агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және цифрландыру бағдарламасын іске асыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруды, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу мерзімдерін біріздендіруді және биоэтанолды қолдану аясын кеңейтуді көздейді.
 
Келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер бойынша уәкілетті органмен, аппараттың тиісті бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс тобының отырыстары өткізілді.
 

Заң жобасының қабылдануы асыл тұқымды мал шаруашылығын сапалы жаңа деңгейге көтеруге, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға оң әсерін тигізеді", - деді Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны