04.10.2022, 15:16 8351

ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешімді жариялау күнін ауыстырды

ҚҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады.
ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешімді жариялау күнін ауыстырды
АСТАНА. 4 ҚАЗАН - Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) базалық мөлшерлеме бойынша ҚҰБ-тың Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті шешім жариялайтын күнді 2022 жылдың 24 қазанынан 26 қазанға ауыстырғанын хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҚҰБ-тың базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау кестесіндегі бұл өзгеріс "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр", - деп түсіндірді Ұлттық Банкте.

 
ҚҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады.
 
Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйекте Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,5% деңгейінде сақтап қалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны