29.09.2022, 18:30 18056
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,5% деңгейінде сақтап қалды
Достарға айту
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2022 жылғы тамызда теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 462,29 – 479,55 теңге аралығында өзгерді. Тамыздың соңында болған ірі салық аптасының аясында теңгенің айырбастау бағамы бір айда 1,0%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 472,29 теңге болды.
Теңгенің айырбастау бағамының қалыпты нығаюына экспорттаушылардың тоқсандық салық төлемдері үшін шетел валютасын сатуы ықпал етті. Тамызда Ұлттық Банк нарықтың теңгерімді болуы аясында валюталық интервенциялар жүргізбеді. Ұлттық қордан бюджетке трансфертті жүзеге асыру теңгедегі түсімдермен қамтамасыз етілді, сондықтан Ұлттық қордың валюталық активтерін сату жүзеге асырылған жоқ", - деп хабарлайды Ұлттық Банктің сайты.
Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 10,5%-ға ұлғайып, бір айда 11,3 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 2,2 млрд АҚШ доллары (2022 жылғы шілдемен салыстырғанда 9,1%-ға төмендеді), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 9,2 млрд АҚШ доллары болды (16,4%-ға өсті).
2022 жылғы тамызда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 0,4%-ға төмендеп, 32,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Алтын бағасының троя унциясы үшін 1 712,4 долларға дейін 2,6%-ға төмендеуі есебінен алтын-валюта резервтері төмендеді. Резервтердің ішінара төмендеуі ЕДБ-ның Ұлттық Банктегі валюталық шоттарына қаражаттың келуі есебінен резервтердің валюталық бөлігінің өсуімен теңестірілді", - деп хабарлады Ұлттық Банк.
2022 жылғы тамыздың соңында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (53,8 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 86,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.06.2026, 12:05 2386
Білім экономикасы - Қазақстан мен Еуропалық Одақ серіктестігінің жаңа қозғаушы күші
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бельгиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде "Shanyraq Dialogues" пікірталас алаңы аясында "Қазақстанның білім экономикасы: Еуропалық Одақпен әріптестіктің жаңа көкжиектері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, бельгиялық университеттер мен зерттеу орталықтарының өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, дипломатиялық корпус және Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараның модераторы Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) атқарушы директоры Карина Ангелиева болды. Ол өз сөзінде Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің қарқынды дамуын атап өтіп, бұл ХҒТО-ның штаб-пәтерін 2015 жылы Астанаға көшіру туралы шешім қабылдаудағы негізгі факторлардың бірі болғанын айтты. Халықаралық ұйым басшысы бүгінде Қазақстанның ХҒТО-ның бірқатар маңызды жобаларын жүзеге асыруда жетекші орындардың бірін иеленіп отырғанын ерекше атап өтті.
Қатысушыларға алғысөз сөйлеген Бельгиядағы Қазақстан Елшісі Роман Василенко Астана мен Брюссель арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толған кезеңде екіжақты ынтымақтастықтың сапалы әрі елеулі ілгерілеуін атап өтті.
Қазақстандық дипломат Еуропалық Одақтың Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін еске салды. Тараптар арасындағы ынтымақтастық көлік байланысын дамыту, стратегиялық маңызды шикізат материалдары, жасыл трансформация, цифрландыру және инновациялар сияқты басым бағыттарда тұрақты түрде кеңейіп келеді.
Р. Василенко білім беру, ғылым және технологиялар саласындағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, адами капиталға инвестиция салу Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі, ал еуропалық университеттер мен зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты тереңдету бірлескен зерттеулер жүргізуге, академиялық алмасуларды дамытуға және болашақ экономикасы үшін мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек негізгі баяндамашы ретінде сөз сөйлеп, ғылым мен жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарын таныстырды. Олардың қатарында ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту, зерттеу университеттерін дамыту, жоғары білімді интернационалдандыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және Қазақстанның халықаралық зерттеу бағдарламаларына қатысуын кеңейту бар.
Сондай-ақ, Қазақстанның еуропалық ғылыми-білім беру қауымдастығымен ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, зерттеулер мен инновацияларды қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың "Horizon Europe" бағдарламасы сияқты халықаралық бастамаларға қатысу мәселелері сөз болды.
Министр Саясат Нұрбек өз сөзінде: "Білім экономикасы сенімге, университеттердің ашықтығына, қуатты ғылымға және халықаралық ынтымақтастыққа негізделеді. Қазақстан еуропалық университеттермен өзара іс-қимылдың жүйелі әрі ұзақ мерзімді сипатта болғанына мүдделі. Бұл ынтымақтастық бірлескен зерттеулерге, тәжірибе алмасуға және болашақ экономикасына қажетті мамандар даярлауға негізделуі тиіс", - деп атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстандағы білім экономикасын дамыту, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, академиялық ұтқырлық, экономиканың жаңа салалары үшін кадрлар даярлау, сондай-ақ бельгиялық және еуропалық университеттермен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Дөңгелек үстел мемлекеттік органдар, академиялық қауымдастық, сарапшылар ортасы және дипломатиялық корпус өкілдері арасында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ғылыми-білім беру әріптестігін одан әрі дамыту мәселелері бойынша ашық диалог жүргізуге мүмкіндік берген тиімді алаңға айналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2026, 16:43 9986
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін өсіретін GREEN ЕСО заманауи жылыжай кешенінің қызметімен, сондай-ақ Қазақстан нарығындағы өндіріске қолданылатын технологиялармен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шаруашылықтағы барлық үдеріс химиялық өңдеусіз, тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданбай іске асырылады. Бүгінде 160 адам еңбек ететін кәсіпорынның өнімдері Қазақстанның 10 қаласына жеткізіледі.
Президент "Лукоморье" тұқымбағы - бақ орталығын аралап көрді. Бұл - автоматтандырылған жұмыс арқылы жылына 1,5 миллион түпке дейін ағаш, сәндік бұталар мен гүлдер өсіруге қауқарлы еліміздегі ірі орталық. Оның өнімдері қалаларымыздың барлығында сұранысқа ие, сонымен қатар Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталады.
Мемлекет басшысына Turanga сәндік өсімдіктер тұқымбағын ұйымдастыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Онда 130 мыңға жуық ағаш және 3,5 миллион түп бұта өсіру жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2026, 20:21 39126
Ақтөбе облысында цемент зауытының құрылысы басталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
176,9 млн АҚШ доллары көлеміндегі цемент зауыты жобасы өңірдің өнеркәсіптік дамуының маңызды драйверіне айналып, жаңа жұмыс орындарын құруға және оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етпек, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында "QazCem Industries" ЖШС цемент зауытының (жылына 1,3 млн тонна өнім шығаратын қуаттылықпен) құрылысын бастауға арналған салтанатты рәсім өтті. Жаңа жоба өңірдегі ең ірі индустриялық нысандардың біріне айналып, Қазақстанның құрылыс саласының дамуына қосымша серпін береді.
Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Ақтөбедегі Қытай Халық Республикасының Бас консулы Го Юй, Tianshan Materials директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Синьцзюнь, Sinoma Cement президенті Жун Якунь, мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар мен жоба серіктестері қатысты.
Ресми бастау шарасына дейін қонақтар құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылымды дайындау, өндірістік жабдықтарды орналастыру және болашақ кәсіпорын нысандарын салу жұмыстары жүргізілуде.
Салтанатты рәсім барысында Асхат Шахаров жобаның өңір мен ел үшін стратегиялық маңызын атап өтті.
Бүгін біз жылына 1,3 млн тонна өнім шығаратын заманауи цемент зауыты сияқты ірі индустриялық жобаны іске асыруды қолға алдық. Бұл - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің нақты нәтижесі", - деді өңір басшысы.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі - 176,9 млн АҚШ доллары. Биылғы жылдың соңына дейін жобаның 75 пайызы, яғни шамамен 132,7 млн доллар игеріледі деп жоспарланған.
Жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аударылған. Зауыт іске қосылғаннан кейін 250-300 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс кезеңінің өзінде 187 адам жұмыспен қамтылған. Байғанин аудандық "Мансап" орталығы арқылы жергілікті тұрғындардың бір бөлігі жұмысқа орналастырылды.
Жоба Ақтөбе облысы әкімдігі мен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен, қазақстандық Primus Capital компаниясы мен Қытайдың CNBM корпорациясына кіретін Sinoma Cement компаниясының серіктестігі аясында жүзеге асырылуда.
Primus Capital холдингінің негізін қалаушы Сапарбек Тұяқбаев цемент зауыты жобасын жүзеге асыру өңірдің индустриялық әлеуетін нығайтып қана қоймай, заманауи технологиялар мен халықаралық өндірістік стандарттарды енгізу арқылы отандық мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақтөбе облысындағы цемент зауытының құрылысы - Қазақстан өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мен халықаралық деңгейдегі озық технологияларды енгізудің жемісті нәтижесі. Primus Capital инвестициялық холдингі бұған дейін де шетелдік серіктестер мен халықаралық капиталдың қатысуымен бірқатар жобаларды жүзеге асырған. Біз Sinoma Cement компаниясымен бірлесіп, энергия тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық озық талаптарына жауап беретін жоғары технологиялық өндіріс құрудамыз,- деп атап өтті ол.
Tianshan Materials директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Синьцзюнь бұл цемент зауыты компанияның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық жобасы екенін сөз етті.
Қазақстан - Қытайдың маңызды серіктесі және "Бір белдеу - бір жол" бастамасындағы негізгі елдердің бірі. Ақтөбедегі жоба өңірдегі өндірістік тізбекті кеңейтуге және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға негіз болады", - деді ол.
Sinoma Cement президенті Жун Якунь кәсіпорынның қауіпсіздік, сапа және экологиялық талаптардың халықаралық стандарттарына сай болатынын жеткізді.
Салтанатты рәсім қорытындысында қатысушылар құрылыс-монтаж жұмыстарына ресми түрде бастау беріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Айта кетейік, Байғанин ауданы инвестициялық белсенділігін тұрақты түрде көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның өнеркәсіптік өнім көлемі 216,1 млрд теңгені құрады, негізгі капиталға салынған инвестициялар 56,8 млрд теңгеге жетті. Тек 2026 жылдың сәуір айында аудан экономикасына 19 млрд теңге инвестиция тартылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 19:39 126721
Нұрлыбек Нәлібаев мұнай-газ кешені мен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңестер өткізді
Достарға айту
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен "ҚазМұнайГаз", "QazaqGaz", "Қазақстан темір жолы", "ҚазАвтоЖол" ҰК" басшылығының қатысуымен кеңестер өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кеңес барысында компаниялардың ағымдағы қызметі және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы есептер тыңдалды. Қатысушылар мұнай-газ секторын дамыту, газ саласын дамыту, сондай-ақ еліміздің теміржол және автожол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы стратегиялық мәселелерді қарады.
ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ қызметіндегі басым бағыттар - геологиялық барлау жұмыстарын ұлғайту, ресурстық базаны толықтыру және мұнай өндірудің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету. Қолданыстағы кен орындарында мұнай өндіруді арттыру, экспорттық инфрақұрылымды дамыту және мұнай жеткізу маршруттарын әртараптандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мұнай өңдеу зауыттары қуаттарын жаңғыртуға және кеңейтуге, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен, оның ішінде авиаотынмен үздіксіз қамтамасыз ету және мұнай-газ химиясы саласын дамыту жобалары қаралды.
QazaqGaz компаниясы қазіргі уақытта өңірлерді газбен қамтамасыз ету, магистралды газ құбырлары мен газ өңдеу зауыттарын салу мәселелерімен бетпе-бет келіп отыр. Кеңесте газ тасымалдау жүйесін жаңғырту, технологиялық шығындарды азайту, ресурстық базаны дамыту және ішкі тұтынушыларды газбен сенімді қамтамасыз ету шаралары жеке қаралды.
Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қызметі жылжымалы құрамды жаңарту, теміржол вокзалдарын жаңғырту, өндірістік процестерді цифрландыру және жолаушылар мен жүк жөнелтушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру тұрғысынан қаралды.Транзиттік дәліздерді дамытуға, нысандарды салу мен жаңғырту мерзімдерін сақтауға, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және мердігерлік ұйымдармен өзара үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде "ҚазАвтоЖол" ұлттық комапниясында Мемлекет басшысының автомобиль жолдарының ұлттық желісін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау қорытындылары ұсынылды. Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ жол инфрақұрылымын күтіп ұстау, жөндеу және жаңғырту мәселелері қаралды. Құрылыс жұмыстарының сапасына, транзиттік дәліздердегі "тар тұстарды" жоюға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Талқылау барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары стратегиялық жобаларды уақтылы іске қосу, өндірістік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық қызметтің тиімділігін арттырудығ маңыздылығын атап өтті.
Нұрлыбек Нәлібаев мұнай-газ кешенін озық қарқынмен дамыту, газбен қамту деңгейін арттыру, энергетикалық қауіпсіздік пен ішкі нарық тұрақтылығын қамтамасыз ету, жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуы, тасымалдау үдерісінің тиімділігін арттыру, қозғалыс қауіпсіздігін нығайту және елдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған нақты нәтижелерге қол жеткізудің маңыздылығына тоқталды.
Кеңес қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуге, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетуге, салаға қатысушылар арасында үйлестіруді күшейтуге және мұнай-газ, көлік секторларын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар дайындауға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 19:01 126516
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк экономикалық реформалар бойынша бірлескен іс қимыл жоспарын дайындайды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Андрей Михневпен және ұйымның халықаралық сарапшыларымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу ҚР Премьер-министрі бастамашылық еткен бірқатар талқылаулардың жалғасы ретінде толығымен жаңа инвестициялық циклды жүзеге асыру, ұзақ мерзімді капитал тарту, экономиканың өнімділігін арттыру және одан арғы құрылымдық реформалар үшін тәжірибе тетіктерін дайындау мәселелеріне арналды.
Талқылауға Ұлттық экономика, Қаржы, Сыртқы істер, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік секторының деректеріне негізделген болашақ талдамалық есептің құрылымын ұсынды. Талқылаудың өзегі Экономиканың жоғары өнімділікке, технологиялық жаңаруға және халық табысының өсуіне сапалы түрде көшуіне бағдарланған "3I" моделі болды. Оның атауы ағылшын тіліндегі инвестиция, ықпалдасу және инновация сөздерінен құралған.
Есепті таныстыру шеңберінде мемлекеттік шығысты жоспарлауды жетілдіруге және әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларын дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінді. Сарапшылар Қазақстандағы цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті. Бұл мемлекеттік көмекті барынша жедел, дәлме-дәл және оған нағыз мұқтаж азаматтардың санатына көрсетуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікті қолдау құралдарын талқылау кезінде сарапшылар "Даму" қорының бағдарламаларына талдау жасап, ШОБ кәсіпорындарын жұмыспен қамтуды арттыру мен жаңғыртудың драйвері ретінде ішінара несиелік кепілдік беру тетігінің жоғары тиімділігін атап өтті.
Кездесу қорытындысында тараптар бастамаларды талдамалық ұсынымдардан іс жүзіне асыруға көшу туралы уағдаласты. Ұлттық экономика министрлігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі және басқа да ведомстволармен бірлесіп, кешенді іс-қимыл жоспарын дайындаумен айналысатын бірлескен жұмыс тобы құрылады.
Кеңес беру процесі біз үшін маңызды. Ұсынылған шара әрбір салалық министрлікпен, жергілікті атқарушы органмен егжей-тегжейлі талқыланып, олардың ағымдағы міндеті де толық ескерілуі маңызды. Өңірлерді толыққанды тарту қазірдің өзінде жергілікті ерекшеліктерді дәлірек анықтап, әр облыс үшін қолданбалы құралды әзірлеуге мүмкіндік береді. Біз оны жоғары деңгейде талқылағаннан кейін, келісілген жалпы стратегия ретінде ұсыну үшін қыркүйек-қазанға арналған іс-қимыл жоспарының жобасын бірлесіп дайындаймыз деген үміттеміз", - деді Андрей Михнев.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өз кезегінде бірлескен жұмыстың стратегиялық басымдықтарын атап өтті:
Біздің басты міндетіміз - терең экономикалық талдауды практикалық және түсінікті шараларға көшіру. Мемлекет басшысы айтып отырған жаңа инвестициялық цикл бізден белсенді тәсілдерді талап етеді. Біз ұзақ мерзімді жеке капитал үшін барынша тартымды жағдай жасауды, технологиялық жаңару үшін кедергілерді алып тастауды және отандық бизнеске дамудың пәрменді құралдарын ұсынуды көздейміз. Дүниежүзілік банкпен бірлескен іс-қимыл жоспары жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалардың сабақтастығын қамтамасыз ететін және сапалы экономикалық өсудің негізін қалайтын нақты бағдарға айналады", - деп атап өтті вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 12:45 126306
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 20 мамырға дейін астық пен астық баламасындағы ұн экспортының көлемі 11,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға жоғары (10,3 млн тонна), деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Экспорт көлемінің өсуі Орталық Азия елдері мен Ауғанстан бағыттарында байқалды. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 39,5%-ға артып, 3,5 млн тоннадан 4,8 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,5 есеге өсіп, 297 мың тоннадан 457 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Сондай-ақ Ауғанстан бағыты бойынша айтарлықтай өсім тіркелді, экспорт көлемі 2,3 есеге артып, 1,3 млн тоннадан 3 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға экспорт 47,7%-ға ұлғайып, 130 мың тоннадан 192 мың тоннаға дейін өсті.
Қарқынды өсім қазақстандық астық өнімдеріне сыртқы нарықтарда сұраныстың жоғары екенін, сондай-ақ экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2026, 13:21 129796
Алатау қаласына 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады
Достарға айту
Аталған қаржыға 50-ден астам жоба жүзеге асырылады. Бұл жөнінде Алатау әкімі Аркен Өтенов Мемлекет басшысының Alatau City жобасына қатысты тапсырмаларын іске асыру жөніндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қазір бізде жалпы құны 2 триллион теңгеге жуық 50-ден астам инвестициялық жоба бар. Бүгінде олардың жүзеге асырылуы әртүрлі сатыда. Сонымен бірге, мемлекет бірінші кезекте инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөледі. Ол үшін өзіміздің құны 300 млрд теңгелік жол картасы қабылданған. Соған сәйкес, инфрақұрылымды өркендету жұмыстары жүріп жатыр", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2026, 11:32 130521
Алматыда қоқыс өңдеу зауытының құрылысы басталатын мерзім белгілі болды
Сурет: Pixabay.com
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы ҚХР мен Орталық Азиядағы ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар жетекші қытайлық компаниялардың бірі - Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу бұған дейін өткізілген диалогтің жалғасы болды, оның қорытындысы бойынша Алматы қаласында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату туралы инвестициялық келісім жасалды.
Бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды: инвестициялардың жалпы көлемі 145,5 млрд теңгені құрайды.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығын атап өтіп, еліміздің жаңа Конституциясында бекітілген басымдықтардың бірі - қоршаған ортаны қорғау екенін атап өтті. Осыған байланысты Үкіметтің алдында инвестициялар мен озық технологияларды тарта отырып, экологиялық жаңғыртуға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр.
Елдеріміздің көшбасшылары - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырза бізге экономикалық қатынастарды дамыту үшін зор мүмкіндіктер жасап отыр. Қытай Халық Республикасы - біздің негізгі сауда-экономикалық серіктестеріміздің бірі. Hunan компаниясының Қазақстан нарығына келуін құптаймыз және бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Біздің былтырғы кездесуіміз барысында еліміз үшін осы маңызды жобаға жақсы серпін берілген болатын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого 29 мамырда құрылыс жұмыстарының басталатынын хабарлады. Нысан екі жыл ішінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жоба ТҚҚ өңдеудің анағұрлым заманауи моделін енгізуді көздейді - яғни оларды кейіннен электр энергиясына айналдыра отырып қайта өңдеу қарастырылған. Зауыттың іске қосылуы жылына шамамен 200 мың тонна CO₂ шығарындыларын азайтуға, полигон көлемін жыл сайын шамамен 800 мың текше метр үнемдеуге және "жасыл" энергияны тұрақты өндіруге ықпал етеді. Кәсіпорын тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықты өңдеп, 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады. Құрылыс кезеңінде кемінде 700 уақытша жұмыс орны құрылады, ал зауыт іске қосылғаннан кейін 120 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Біз екі жыл ішінде барлық жұмыстарды толық аяқтайтынымызға сенімдіміз. Қазақстан Президенті мен Үкіметі тарапынан елдің "жасыл" дамуына қатысты үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Біз Қазақстанның "жасыл" дамуына және инвестиция тартуға нақты үлес қосатын ірі жоба болу үшін ұмтылып, сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого.
Жоба сонымен қатар сенімді электрмен жабдықтауды, цифрлық шешімдер үшін энергияны пайдалануды және қыста өнеркәсіптік тұтынушылар мен қалалық қажеттіліктерге таза жылу беруді қамтамасыз ететін үш "жасыл" орталықты құруды көздейді. Бұдан бөлек, технологияларды енгізуге, қосалқы бөлшектер өндірісін локализациялауға, жергілікті мамандарды даярлауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған үш базаны қалыптастыру жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов салалық мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы пайдалануға беру үшін одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.06.2026, 11:33Қазақстан мен Кипр бизнес байланыстарын нығайтуға ниетті 04.06.2026, 12:00 10451Дубайда "Орталық Азия назарда: Қазақстан және Қырғызстан" атты іс-шара өтті04.06.2026, 12:05 2331Білім экономикасы - Қазақстан мен Еуропалық Одақ серіктестігінің жаңа қозғаушы күші04.06.2026, 15:28 1561Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығын нақты нәтижелермен қарсы алу керек - Президент04.06.2026, 13:20 676Қазақ дипломаттары Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткен "Рәміздер рухы - Конституция күші" акциясына қатысты
29.05.2026, 20:02 115166Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті29.05.2026, 14:51 114961Қазақстан Шаңхайда туристік әлеуетін таныстырды29.05.2026, 20:26 114336Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды29.05.2026, 21:20 114046Қазақстан мен Еуропалық Одақ әріптестікті тереңдетудің жаңа стратегиялық мақсаттарын айқындады29.05.2026, 19:59 113611Қазақстан мен Ресей биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық консультациялар өткізді
13.05.2026, 07:10 289206Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 276916Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 246441Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243351Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 242716Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

