04.11.2022, 13:44 24741

ҚТЖ қазан айында астықтың рекордтық көлемін тасымалдады

ҚТЖ қазан айында астықтың рекордтық көлемін тасымалдады
Сурет: railways.kz
Астана. 4 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ағымдағы жылдың қазанында "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша 1,5 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн тиелсе, оның 1,2 млн тоннасы экспорттық қатынаста. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
 
Астық тиеу 1 млн тоннадан асып, 2021 жылға қарағанда 26%-ке өсті. Экспортқа 800 мың тоннадан астам жөнелтілсе, бұл өткен жылғы деңгейден 41%-ке жоғары. Ұнтақ өнімдерін (ұн) тиеу көлемі 32%-ке, 313 мың тоннаға дейін ұлғайды. Өткен жылға қарағанда экспорттық жөнелту 75%-ке, яғни 247 мың тоннаға дейін өсті.
 
Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін үздіксіз тасымалдау бекітілген маршрут бойынша жүк пойыздарының тұрақты қозғалысын ұйымдастырудың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл жүктерді жөнелту пунктінен межелі жеріне дейін жеткізуге мүмкіндік беріп, тасымалдау уақытын едәуір қысқартты. Қазан айында астық жүктері бар 181 маршрут құрылып, жөнелтілді. Оның 26-сы ұн, 155-і астық. Ұйымдастырылған маршруттардың орташа жүру жылдамдығы тәулігіне 670 км құрады.
 
ҚТЖ орталық аппаратында астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды үйлестіру және ұйымдастыру жөніндегі штаб тәулік бойы жұмыс істеуде. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС өңірлік филиалдарында вагондардың қозғалысын ұйымдастыру және жөнелтілімдерді маршруттау мәселелері бойынша жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылған.

Бұған дейін Қазақстанда бункерлік салмақта 21,6 млн тонна астық бастырылғаны хабарланған болатын.
 
Ақпарат көзі: kursiv.media
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны