06.12.2022, 11:26 15981

Қазақстанда қолдан өсірілген және ауланған балық өндірісі жыл басынан бері 12%-ға өсті

Қазақстанда қолдан өсірілген және ауланған балық өндірісі жыл басынан бері 12%-ға өсті
Қазақстан әлі де балық нарығын отандық өніммен толық қамтамасыз ете алмайды

Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда соңғы 3 жылда балықты қолдан өсіру көлемі екі есе көбейді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сейсенбіде өткен Үкімет отырысында.

Жалпы, қолдан өсірілген және ауланған балық өндірісі биыл 10 айда шамамен 57 мың тонна болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ға жоғары. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 2 жылда балық өсіретін шаруашылықтардың саны 2 есе өсті", - деді Әлихан Смайылов.


Ол сондай-ақ балық экспорты 13%-ға ұлғайғанын атап өтті, оның ішінде Еуропа елдері де бар.

Оның айтуынша, бұған өткен жылы қабылданған Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы айтарлықтай серпін берді.

Саланы мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіліп, балық өсіруге арналған тоғандарды жобалау рәсімдері жеңілдетілді.

Сонымен қатар, министрлер кабинетінің басшысы Салық кодексі аясында балық кәсіпшілігіне қосылған құн салығын 70%-ға төмендету көзделгенін еске салды.

Сонымен қатар, біз әлі де болса нарықты отандық өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеміз. Импорттың үлесі жоғары болып қалуда. Кейбір өңірлер қазірдің өзінде бағдарлама жоспарларына қол жеткізе алмай отыр. Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында да балық өндірісі төмен. Аталған өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты күшейтіп, бизнестің бастамаларына қолдау көрсетуі қажет", - деді Үкімет басшысы.


Сондай-ақ кәсіпкерлерді балық өнімдерін терең өңдеуге ынталандыру керек.

Табиғи су қоймаларындағы балық қорының көбеюіне де назар аудару қажет", - деді Әлихан Смайылов.


Қорытындылай келе, Премьер-Министр балық шаруашылығы саласына инвестициялар тарту жұмысын күшейту қажет екенін атап өтті. Оның ішінде, балық өсіретін шаруашылықтарды ұйымдастыру үшін учаскелерді беру рәсімін жеңілдету, отандық балық өнімдерін сататын арнаулы объектілер құру және Атырау облысындағы бекіре зауыттарын реконструкциялауды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізу мәселесін пысықтау қажет.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны