29.12.2022, 16:48 46566

ҚДКБҚ ақпан айына теңгелік депозиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін бекітті

Барлық депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және қаңтар айындағы мәндер деңгейінде сақталды
ҚДКБҚ ақпан айына теңгелік депозиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін бекітті
Астана. 29 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2023 жылғы ақпан айына теңгемен депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлайды ҚДКБҚ баспасөз қызметі.
 
Барлық депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және қаңтар айындағы мәндер деңгейінде сақталды.
 
ҚДКБҚ екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімдерді өз бетінше қабылдайтынын еске салып кетті.
 
Депозиттер бойынша ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелерімен олардың түрі мен мерзіміне байланысты төмендегі кестеде танысуға болады:

kdif.kz
 
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің өсуінен кейін ҚДКБҚ теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтерді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны