06.01.2023, 10:26 17306

Үкімет Шүлбі және Өскемен ГЭС мемлекеттік үлесін "Самұрық-Қазына" акцияларын төлеуге береді

Үкімет тиісті қаулы қабылдады
Үкімет Шүлбі және Өскемен ГЭС мемлекеттік үлесін "Самұрық-Қазына" акцияларын төлеуге береді
Сурет: Depositphotos
Астана. 6 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Үкіметі "АЭС Өскемен ГЭС" және "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС мемлекеттік үлестерін "Самұрық-Қазына" қорына береді.
 

"АЭС Өскемен ГЭС" және "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік қатысу үлестері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін", - делінген ҚР Үкіметінің Қаулысында.

 
Құжат қолданысқа енгізілді.
 
06.01.2023, 10.30 толықтырылды
 
2021 жылы ҚР мен БАӘ 6 млрд доллардан астам сомаға бірлескен жобаларды іске асырып жатқаны белгілі болды. Экономиканың басым салаларын дамытудағы әріптестік туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп еске салды "Атамекен" ҰКП.
 
2022 жылдың қаңтарында Үкімет БАӘ-мен энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасын кері қайтарып алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны