30.01.2023, 12:08 27251

Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады

Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы Астана - Пекин бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр
Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдарымен бірлесіп, халықаралық әуе қатынасын одан әрі қалпына келтіру және ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты рейстерді қайта ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ААК баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы Астана - Пекин бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр. Ұшулар А-321 LR типті әуе кемелерінде орындалады", - деп хабарлады ведомство.


Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы Алматы және Бейжің қалалары арасындағы рейстерді 1 рейстен (дүйсенбі) аптасына 5 рейске дейін (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр, көктемгі-жазғы навигация кезеңде аптасына 5-тен 7 рейске дейін кезең-кезеңімен одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ұшулар А-321 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің ұлғаюы екі дос ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізілген 14 күндік визасыз режимді толыққанды пайдалануға ықпал етеді", - деп қосты баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны