18.08.2022, 15:49 32171

Алматы қаласының аудан әкімдіктері өз бюджеттерін алатын болады

Алматы қаласының аудан әкімдіктері өз бюджеттерін алатын болады
АЛМАТЫ. 18 ТАМЫЗ - Келесі жылдан бастап аудан әкімдіктері толыққанды бюджет алады. Бұл туралы Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
 
Қала басшысымен кездесуге келген тұрғындардың бірі, Наурызбай ауданындағы баубақша бірлестіктеріндегі проблеманы айтты.
 

Біріншіден, көше атаулары жоқ, екіншіден, жол жоқ. Көшелер тар болғандықтан қоқыс таситын көліктер кіре алмайды. Бұдан бөлек, бізде су да, жарық та жоқ. Наурызбай ауданы әкімдігі мәселелерді жедел шешетінін білемін, бірақ бұл өзекті проблемалар тек қалалық әкімдік арқылы шешіледі деп ойлаймын", - деді аудан тұрғыны.

 
Ерболат Досаев 2023 жылдан бастап Алматыдағы аудан әкімдіктерінің өз дербес бюджеті болатынын жеткізді.
 

Келер жылдан бастап аудан әкімдіктері толыққанды бюджет алады. Күзде өзгерістер болуы керек. Мемлекет басшысы аудандардың өз бюджеті болуы қажет деген идеяны қолдады. Соның арқасында аудандар өз мәселелерін шұғыл шеше алады", - деп жауап берді қала әкімі.

 
Айтуынша, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың аудан әкімдіктерінің жеке бюджеті жоқ.
 

Сондықтан электрмен жабдықтау және қоқыс шығару бойынша жауапты адамдарға тапсырма беремін", - деп қосты Ерболат Досаев. 


Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімі "Жайсаң" тұрғын үй кешенін бұзу жағдайына қатысты түсініктеме берген болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны