29.03.2024, 19:34 53201

Алматы айналма темір жолының құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр

Алматы айналма темір жолының құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр
Сурет: KТЖ
Алматы айналма темір жолының құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.

Алматы станциясы теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу" жобасын іске асыру Алматы станциясын айналып өтіп, жүк ағынын Жетіген - Қазыбек бек жаңа темір жолына қайта бағыттауға мүмкіндік береді.


Жаңа тармақтың Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін маңызы зор, бұл Алматы торабына жүктемені 40% төмендетуге және жүктерді жеткізу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жұмыстар ұзындығы 20 км болатын учаскелерде жүргізілуде, 100 астам арнайы техника бірлігі мен 300 жуық адам жұмылдырылды. Негізгі жолдың жалпы ұзындығы 75 км, станциялық жолдар - 50 км. Жалпы жоба аяқталғанға дейін 125 км темір жолы салынады.

Сондай-ақ, жобада көлемі 6,5 млн м3 жер жұмыстары жүргізіліп, 18 көпір, Жетіген станциясында бір автожол өткелі, түрлі диаметрлі және конфигурациядағы 49 су өткізу құбыры салынады.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны