17.05.2021, 19:33 17211

Алматы облысында қант өндірушілер бағаны келісіп қойды

"Ақсу Кант" ЖШС-не қатысты ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеу басталды.
ТАЛДЫҚОРҒАН. 17 МАМЫР - Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қант өндірушілердің бағалық сөз байласуы туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Монополияға қарсы ведомство қызметкерлері 2021 жылғы 14 мамырда "Open Space" алаңында қантты көтерме саудада өткізумен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.
 

Атап айтканда, монополияға қарсы департамент жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабардар етті, оның қорытындысы бойынша "Көксу қант зауыты" ЖШС және "Ақсу қант" ЖШС іс-әрекеттерінде ҚР ӨК 170-бабын бұзу белгілері-қантты бастапқы сатуды жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттері анықталды. Екі кәсіпорынға да бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.

 
 "Көксу қант зауыты" ЖШС Департаменттің хабарламасын 1 кг үшін қантты сату құнын орташа есеппен 10 теңгеге төмендету жолымен орындады. "Ақсу Қант" ЖШС Департаменттің хабарламасын орындаған жоқ. Осыған байланысты "Ақсу Кант" ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеу басталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны