06.04.2021, 20:53 9991
Алматыда 250 мың шаршы метр жол жөнделеді
Достарға айту
Ағымдағы (ойылған жерлерді) жөндеу үшін 250 мың м2 асфальтбетон жабындысы төселеді және 40 аялдама қалталарын, алаңдарды ретке келтіру жоспарлануда. Қазіргі кезде ағымдағы (ойылған жерлерді) жөндеу жұмыстары бірінші кезекте магистральды көшелерде жүргізілуде, кейін біртіндеп аудандық маңызы бар көшелерге ауысатын болады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аудандық әкімдіктердің өтініштері, ПД ЖПБ-ның, Open Almaty және т. б. берген ұйғарымдары бойынша анықталған жағдайда тұрақты жүреді", - деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасында.
Жылдың қысқы кезеңінде көше-жол жабынындағы ақаулар суық асфальтбетон қоспасын төсеу арқылы уақытша жөнделеді, кейін көктем-жаз маусымында ыстық асфальтбетон төселеді, қоспаның орташа тәуліктік температурасы +10, құрғақ негізде іске асады.
Басқарма деректері бойынша, жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3096,8 шақырым, көше саны — 2746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көшелер — 385, олардың ұзындығы 1150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көшелердің саны — 2361, олардың ұзындығы 1946,8 шақырым.
Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылы Қазақстанда 6 мың шақырым автожолды реконструкциялау және салу жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.06.2026, 17:55 15561
Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара сауда көлемі 0,5 млрд доллардан асты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі жарты миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге ресми сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Бельгияның Сыртқы істер министрі Максим Превомен келіссөздер өткізу барысында мәлім етті.
Бельгия Қазақстанның мемлекетаралық деңгейде де, Еуропалық одақпен өзара іс-қимыл аясында да маңызды серіктесі болып табылады. Брюссель еліміздің экономикасына инвестиция салатын он ірі инвестордың қатарына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі жарты миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін елеулі әлеуеттің бар екенін көрсетеді", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Тараптар көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін нығайту мәселелеріне бөлек назар аударды.
Е.Көшербаев Қазақстанның бірлескен жобаларды іске асыру және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екендігін атап өтті.
Келіссөздер барысында білім беру және ғылым салаларындағы ынтымақтастықтың, екі елдің жетекші университтері мен зерттеу орталықтары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуеті де атап өтілді. Бельгия тарапынан KU Leuven, Ghent University және IMEC (Interuniversity Microelectronics Centre) университетаралық орталығы әріптестікті дамытуға қызығушылық танытуда.
Сонымен қатар, тараптар көпжақты алаңдардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және басым салалардағы бірлескен бастамаларды іске асыруға деген өзара мүдделілік расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 17:15 16361
Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумында 235 млн АҚШ долларына келісімшарттар жасалды
Достарға айту
2026 жылдың 21-22 маусым аралығында Кабул қаласында Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша қазақстандық және ауғанстандық компаниялар жалпы сомасы шамамен 235 млн АҚШ долларын құрайтын келісімдерге, меморандумдарға және коммерциялық келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінен.
Миссия аясында 50-ден астам қазақстандық компания мен Ауғанстанның бизнес қауымдастығының 300-ден астам өкілін біріктірген ауқымды B2B-кездесу ұйымдастырылды. Миссияның басты оқиғасы қазақстандық тауарлар мен қызметтердің мамандандырылған көрмесі болды. Көрме отандық өнімдерді ауған нарығына ілгерілету мақсатында ұйымдастырылып, оған агроөнеркәсіптік кешен, тамақ, тоқыма, химия және фармацевтика салаларындағы қазақстандық компаниялар қатысты.
Форумның маңызды нәтижелерінің бірі - ауғандық Nesar Elyas Trading LTD компаниясы мен "Маслозавод Туркестан" ЖШС арасында күнбағыс майын жеткізу жөніндегі 10 жылдық меморандумның жасалуы болды. Сондай-ақ "Шабыт" ЖШС Speranza сауда белгісімен шығарылатын жарма өнімдерін жеткізу бойынша 15 млн АҚШ долларына меморандумға қол қойды. Қазақстанның Астық өңдеушілер одағы мен Ауғанстанның Сауда-инвестициялық палатасы бидай ұны мен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспортын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Konsung Technology компаниясы, Қазақстан-Ауғанстан инновациялық технологиялар алмасу орталығы (KAITEC) және ауғандық Gayur Amir Zo LTD компаниясы арасында Ауғанстан нарығында заманауи медициналық технологияларды ілгерілетуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Ауған тарапының ерекше қызығушылығын Konsung Technology әзірлеген HES-7 портативті денсаулық диагностикасы жүйесі тудырды. Бұл жүйе пациенттің тұрғылықты жерінде функционалдық және зертханалық диагностика жүргізуге мүмкіндік береді. Ауғанстанның көптеген елді мекендерінің шалғай орналасуын және бірқатар өңірлерде медициналық инфрақұрылымға қолжетімділіктің шектеулі екенін ескере отырып, мұндай шешімдер халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді кеңейтудің тиімді құралы ретінде қарастырылуда.
Іскерлік бағдарламаның тағы бір нәтижесі - "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелген қазақстандық Samsar Holding компаниясы мен ауғандық Amo Tracks Trading and Logistics Company арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Тараптар кокс өндіру және электр энергиясын генерациялау бойынша көмір жылу электр станциясын бірлесіп салу жобасын іске асыру жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді. Жоба құны 20-30 млн АҚШ долларына бағалануда. Қазіргі уақытта тараптар шикізат базасының сипаттамалары мен болашақ өндірістік кешеннің параметрлерін зерделеуді қоса алғанда, жобаның техникалық мәселелерін пысықтауда.
Сауда-экономикалық миссияның қорытындылары ауған нарығының қазақстандық өнімге деген қызығушылығының артып келе жатқанын және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің жоғары әлеуетін көрсетті. Қол қойылған құжаттар өзара сауда көлемін ұлғайтуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және экономиканың перспективалы салаларында жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға негіз қалайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 15:18 26011
ЕҚДБ "Ақтөбе - Ұлғайсын" автожолын қайта жаңартуға 229,5 млрд теңге бөлмек
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Брюссель қаласында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға арналған халықаралық бизнес-конференция аясында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ Еуропалық қайта құру және даму банкімен республикалық маңызы бар "Ақтөбе - Қарабұтақ - Ұлғайсын" автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын іске асыру туралы келісім жасасты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
ЕҚДБ қарызының сомасы 229,5 млрд теңгені құрайды. Құжатқа ұлттық компания атынан "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев қол қойды.
Жоба аясында автомобиль жолының 763-791 шқ және 819-1025 шқ аралығындағы 234 шақырым учаскесі қайта жаңарту көзделген. Жол I техникалық санатқа ауыстырылып, төрт жолақты қозғалыс, асфальтбетон жабыны және сағатына 120 шақырымға дейінгі есептік жылдамдық қамтамасыз етіледі.
Жобаның жалпы құны 523 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру халықаралық қаржы институттарының - Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Жобаны іске асыру көлік дәлізінің өткізу қабілетін едәуір арттыруға, жол жүру уақытын қысқартуға, көлік шығындарын азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді. Есептеулерге сәйкес, жаңғыратын учаскеден өту уақыты 1,4 сағатқа дейін қысқарады. 2048 жылға дейінгі болжам бойынша қозғалыс қарқындылығы 763-791 шқ учаскесінде тәулігіне 26 989 автокөлікке дейін, ал 819-1025 шқ учаскесінде тәулігіне 11 492 автокөлікке дейін жетеді деп күтілуде.
Жоба шеңберінде заманауи интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу жоспарланған. Олардың қатарында жол жүру ақысын электронды түрде алу, қозғалыстағы көлік құралдарын автоматты өлшеу кешендері, ауа райы мен жол жағдайын мониторингтеу жүйелері, сондай-ақ жол активтерін басқару және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған цифрлық шешімдер бар.
Жоба Design-Build-Maintain (DBM) моделі бойынша іске асырылады. Бұл тәсіл жобалау, құрылыс және жолды кейінгі күтіп-ұстау жұмыстарын қамтиды. Мұндай модель нысанның ұзақ мерзімді сапасын қамтамасыз етуге және жол инфрақұрылымының өмірлік циклін тиімді басқаруға бағытталған.
Сонымен қатар жобаны іске асыру құрылыс кезеңінде 3 007 жұмыс орнын және жол пайдалануға берілгеннен кейін 124 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жұмыс орындарын ашудан түсетін жиынтық экономикалық тиімділік 25,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 11:47 40466
Қазақстан "Бір белдеу, бір жол" бастамасын дамытудың жаңа бағыттарын ұсынды
Сурет: Үкімет
Достарға айту
Қазақстан Премьер-министрі Олжас бектенов Қытайға жұмыс сапары барысында "Бір белдеу, бір жол" бастамасына арналған сессияға қатысып, оны одан әрі дамытудың басым бағыттарын белгіледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, бастаманы одан әрі дамытудың негізгі бағыттары инфрақұрылымдық өзара байланысты нығайту, цифрлық орта дәлізді қалыптастыру, "жасыл" күн тәртібін ілгерілету, сондай-ақ сауданы, инвестицияларды және қаржы тетіктерін кеңейту болуға тиіс.
Отырыста сөз сөйлеген Олжас Бектенов Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан шамамен 1,7 млрд тұтынушысы бар нарыққа қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті. Соңғы 7 жылда көлік-транзит инфрақұрылымын дамытуға $35 млрд-тан астам қаржы жұмсалды, Ақтаудағы контейнерлік хаб, Сиань құрғақ порты, "Достық - Мойынты" теміржолының екінші жолдары секілді ірі жобалар жүзеге асырылды.
"Бір белдеу, бір жол" бастамасы өзара байланыстардың кеңеюі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айқын көрсетті. Бүгінде Қазақстан мен Қытай осының жарқын мысалы болып отыр. Жібек жолы әрдайым ашықтық, сенім және күш-жігер біріктіруге дайын болудың арқасында өркендеп келеді. Қазақстан осы қағидаттарға берік. Біз өзімізді Қытайдың сенімді серіктесі әрі өңірлерді байланыстыратын маңызды көпір ретінде көреміз. Сонымен қатар осы көзқарасты бөлісетін барлық серіктеспен өзара тиімді әрі ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз. Түптеп келгенде, өзара байланыс инфрақұрылым ғана емес, бұл - адамдардың әл-ауқаты мен ортақ прогресс", - деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.
Сондай-ақ, тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын, қазақ-қытай ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын, оның ішінде сауданы дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту, АӨК, көлік-логистика және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
ҚР Премьер-министрі Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған Конституцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған бастамалары бекітілген. Атап айтқанда, "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, инвестициялық ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және заң үстемдігі кепілдіктерін арттыру жөніндегі шаралар күшейтілді.
Қазақстан мен Қытайды өзара құрмет пен қолдауға негізделген достық және ынтымақтастық байланыстырады. Бүгінде екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында дамып, жаңа "алтын отызжылдық" кезеңіне қадам басты. Мемлекеттеріміздің көшбасшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы берік сенімге негізделген сындарлы диалог серіктестіктің үлгілі моделіне айналған мемлекетаралық қатынастардың орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші болып отыр", - деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян стратегиялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Кейінгі жылдары екі ел арасында жоғары деңгейде тығыз байланыс орнады, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын кездеседі. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік өзара қолдау мен тату көршілік үлгісіне айналып, ұдайы тереңдей түсуде. Қазіргі халықаралық жағдайда екі ел сенімді серіктестер ретінде ортақ дамудың игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеу үшін өзара үйлестіруді нығайтуы қажет. Қытай тарапы саяси өзара сенімді нығайтуға, даму стратегияларын үйлестіруге және екі ел халқының игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын", - деп атап өтті Ли Цян.
Қытай Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $48 млрд-тан асты, ҚХР-дан тартылған тікелей инвестиция көлемі - $2,8 млрд.
Агроөнеркәсіп кешендегі екіжақты сауда көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, аталған бағыт бойынша тауар айналымы 36%-ға өсіп, $1,9 млрд-тан асты. Көлік-логистика саласында Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық тасымалында шешуші рөл атқарады: республика аумағы арқылы жүк ағынының 85%-дан астамы өтеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы теміржол тасымалы 11% өсіммен 35,6 млн тоннаға жетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 12:45 67906
Ағымдағы жылдың бес айында ҚТЖ желісімен тасымалданған жүк көлемі 130 млн тоннадан асты
Достарға айту
2026 жылғы қаңтар - мамыр қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісінде жүк тасымалдау көлемі 131 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% өсті. Оның ішінде республикаішілік тасымалдар 68 млн тоннаға жетті, экспорттық тасымалдар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% өсіп, 38,2 млн тоннаны құрады, деп мәлім етті мекеменің баспасөз қызметінен.
Аталмыш кезеңде ҚТЖ-ның бүкіл желісі бойынша 43,3 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар - мамыр көрсеткішінен 3% артық. Жалпы көлемнің 29,8 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға бағытталса, бұл өткен жылғы деңгейден 2% артық. Экспортқа 13 млн тонна көмір жөнелтілді, өсім 7% құраған.
Ал, астық тасымалдауға келетін болсақ, 2026 жылдың бес айында 6,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық. Астық экспорты 11% өсіп, 4,9 млн тоннаға жетсе, экспорттық қатынаста ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 18% ұлғайып, 1 млн тоннаны құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар - мамыр айларында ҚТЖ желісі бойынша түсті кен тасымалы 8,6 млн тоннаны, құрылыс материалдары 7,1 млн тоннаны құрады.
Жүктердің бірқатар негізгі номенклатуралары бойынша өсім тіркелді: 12,1 млн тонна мұнай жүктері (+4,3%), 6,8 млн тонна қара металдар (+11,4%), 9,5 млн тонна темір рудасы (+13,3%) тасымалданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 11:52 68991
Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 582 млн доллардан асып жығылды
Достарға айту
2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 582,4 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 27,6%-ға өсті, деп мәлімдеді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Бельгияға экспорты 311,5 млн долларға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 48%-ға артқан. Ал, Бельгиядан импорт көлемі 10,1%-ға өсіп, 270,9 млн долларды құрады.
Көңіл толарлық өсу 2026 жылы да сақталып, биылғы жылдың алғашқы төрт айында екіжақты тауар айналымы 179,5 млн долларға жеткен. Оның ішінде қазақстандық экспорт 100,5 млн долларды, импорт 79 млн долларды құраған.
Бельгия Қазақстан экономикасындағы ең ірі еуропалық инвесторлардың бірі және бірегейі болып қала береді. 2005-2025 жылдар аралығында Бельгиядан тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 14,8 млрд доллардан асса, тек 2025 жылдың өзінде тартылған инвестиция көлемі 1,045 млрд долларды құрады.
Бүгінде Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 110 кәсіпорын жұмыс істейді. Іскерлік байланыстарды дамытуға 2023 жылдың мамыр айында құрылған "Қазақстан - Бельгия" Іскерлік кеңесі де ықпал етуде.
Экономикалық ынтымақтастықпен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстар да дамып келеді. 2025-2026 жылдары Брюссель мен Гент қалаларында қазақ мәдени орталықтары ашылып, Қазақ мәдениеті апталығы өткізілді. Сонымен қатар, Shanyraq Dialogues және Shanyraq Fest жобалары іске қосылды.
Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 25 тамызда орнатылған. Осы уақыт ішінде тараптар берік шарттық-құқықтық базаны қалыптастырып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастырып келеді.
Естеріңізге сала кетсек,, 22-23 маусым күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 11:20 69331
Halyk және Alatau City Bank Алатау қаласын дамыту бойынша серіктесіп жұмыс істейін болады
Сурет: Halyk Bank
Достарға айту
Halyk Bank, Alatau City Bank және Alatau City Authority Қазақстанның жаңа инновациялар, технологиялар, инвестициялар және кәсіпкерлік орталығы ретінде Алатау қаласын кешенді дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа Alatau City Authority бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров, Halyk Bank басқарманың төрайымы Үміт Шаяхметова және Alatau City Bank директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов қол қойды. Келісімге қол қою Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген Алатау қаласын дамыту міндеттерін іске асырудағы кезекті қадам болды. Мемлекет басшысы Алатауда инвестициялар, таланттар, технологиялар мен жаңа өндірістерді тартатын заманауи инновациялық экожүйе қалыптастырудың стратегиялық маңызын бірнеше рет атап өткен.
«Алатау қаласы инновация, технология және кәсіпкерлікті біріктіретін Қазақстан экономикасының жаңа өсу нүктесі ретінде құрылуда. Осы мақсаттарға жету үшін мемлекет, қаржы институттары мен бизнес арасында берік серіктестік қалыптастыру маңызды. Қол қойылған келісім заманауи қалалық ортаны дамытуға және Алатаудың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін тараптардың құзыреттерін біріктіруге мүмкіндік береді», – деді Әлішер Әбдіқадыров.
Меморандум аясында жасанды интеллект, экономика (low-altitude economy), «ақылды қала» технологиялары, заттар ғаламторы (IoT), WEB3, цифрлық активтер, финтех, нақты активтерді токенизациялау және қалалық инфрақұрылымға озық цифрлық шешімдерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық көзделген.
Алатау қаласын дамыту Мемлекет басшысы қойған экономиканы әртараптандыру және жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндеттерге сәйкес келеді.
«Елдегі ең ірі қаржы институты ретінде біз цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, инновациялық технологияларды енгізуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларға белсенді қатысамыз. Мемлекет, қаржы секторы және бизнес күш-жігерін біріктіру Алатауда тұрақты экономикалық даму үшін заманауи экожүйе құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті Үміт Шаяхметова бұл бастаманың маңыздылығына тоқтала отырып.
Сонымен қатар, тараптар жоғары технологиялық өндірістер, көлік және логистика, туризм, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Ынтымақтастық аясында бірлескен жобаларды іске асыруға, инвестициялар тартуға, инновациялық технологияларды енгізуге және халықаралық стандарттарға сай заманауи қалалық ортаны дамытуға қолайлы жағдай жасау көзделген.
Қуат Қожахметов Алатау қаласын дамыту жобасының ел үшін маңыздылығына тоқтала отырып, «Біз Алатау қаласын дамыту сияқты ел үшін маңызды жобаға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Қазақстанда криптоиндустрия мен дәстүрлі банк жүйесін біріктіру саласының пионері ретінде біз бұл “болашақ қаланы” цифрлық активтерді қоса алғанда, озық қаржылық және технологиялық шешімдерді енгізетін алаң ретінде қарастырамыз. Қол қойылған келісім мемлекет пен қаржы институттарының мүмкіндіктерін жаңа буын жобаларын іске асыру үшін біріктіреді. Мұндай серіктестік Алатаудың дамуын жеделдетіп, оны Орталық Азиядағы инвестициялар мен инновациялардың ең тартымды орталықтарының біріне айналдырады деп сенеміз», – деп атап өтті.
Қол қойылған меморандум рамалық сипатқа ие. Нақты жобалар мен оларды іске асыру тетіктері тараптар арасында қосымша келісіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке келісімдер арқылы рәсімделетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 14:10 119381
Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 100 гектарлық аквазона құрылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Атырауда "Каспий маңы серіктестігі: балық шаруашылығы мен аквакультураны орнықты дамыту" атты халықаралық салалық форум өтіп жатыр. Іс-шара Каспий маңы мемлекеттерінің өкілдерін, жетекші ғалымдарды, сарапшылар мен сала мамандарын бір алаңға жинады. Н. Балғынбаев атындағы орталықта өткен жиында қатысушылар Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға және балық шаруашылығын одан әрі дамытуға қатысты стратегиялық маңызы бар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.
Форумды ашқан Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Атырау облысы тарихи тұрғыда балық шаруашылығы саласының орталығы екенін атап өтті. Мұнда бекіре тұқымдас балықтарды көбейту және балық өнімдерін өңдеумен айналысатын негізгі кәсіпорындар шоғырланған.
Атырау облысының бұл саланы одан әрі дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және инвестиция тартуға әлеуеті зор. Өңір кезең-кезеңімен дәстүрлі балық аулаудан тауарлы балық өсіру мен аквакультураны дамытуға көшуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта Дамбы ауылдық округі аумағында балық өсіруге қолайлы 100 гектарлық аквазона жобасы әзірленіп жатыр. Бұл бастама табиғи балық қорларына түсетін жүктемені азайтуға, өңірде тауарлы балық өндірісін арттыруға, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға және балық шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Каспий маңы елдері арасындағы тәжірибе алмасу, мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы ашық диалог балық биоалуантүрлілігін сақтауға және саланы орнықты дамытуға жаңа тәсілдер қалыптастырады деп сенемін. Форумға қатысып, ынтымақтастыққа дайындық танытқандарыңыз және сала дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін", - деді Серік Шәпкенов.
Пленарлық сессия барысында қатысушылар су биоресурстарын сақтау, балық шаруашылығы кешенін жаңғырту, тауарлы балық өсіруді дамыту және саланың экспорттық әлеуетін арттыру мәселелерін қарастырды.
Аймақтың балық шаруашылығы саласындағы әлеуеті форум аясында ұйымдастырылған балық өнімдері мен тағамдар көрмесінде таныстырылды. Атырау облысынан 7 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынды. Көрме жергілікті өндірушілердің мүмкіндіктерін және балық өңдеу саласын одан әрі дамыту перспективаларын айқын көрсетті.
Сонымен қатар бағдарлама аясында фидерлік спорттық балық аулау жарыстары, балық өнімдерінің жәрмеңкесі, "Каспийдің үздік тағамы" аспаздар байқауы, балық шаруашылығы кәсіпорындарына таныстыру сапарлары, Жайық өзенін балық шабақтарымен толықтыруға арналған экологиялық акция және мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.06.2026, 09:45Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан жерлестерімізбен кездесті 23.06.2026, 10:30 41691Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы23.06.2026, 11:47 37531Қазақстан "Бір белдеу, бір жол" бастамасын дамытудың жаңа бағыттарын ұсынды23.06.2026, 12:04 37046ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды23.06.2026, 12:15 36221Жәннат Дүбірова Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды
18.06.2026, 10:34 157786Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады17.06.2026, 17:32 152121Emirates әуе компаниясы Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты19.06.2026, 19:07 148756Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді19.06.2026, 18:40 148601Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді19.06.2026, 16:49 147381Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары
06.06.2026, 12:47 177186Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171941СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 166091Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162171Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды18.06.2026, 10:34 157786Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады

