23.06.2026, 09:45 4501
Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан жерлестерімізбен кездесті
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Брюссельге ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында отандастарымызды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.
Жалпыхалықтық референдумда халқымыз бірауыздан, біртұтас қоғам болып Конституциямызды қолдады. Өте керемет құжат, 1 шілдеде күшіне енеді. Ата заңымыз халқымыздың темірқазығы болады. Сондықтан баршаңызды шын жүректен жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын", - деді Президент.
Елімізге сіздер сияқты білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет. Қай жерге барсам да жастарға қолдау білдіріп жүремін. Шын мәнінде, бұл жай айтыла салған сөз емес. Жастарға қолдау көрсету - мемлекеттің ұзақмерзімді саясатының бір бөлігі. Жастарымыз әлемнің әр түкпірінде білім алып, еңбек етуде. Мен Президент ретінде мұны қолдаймын. Себебі қай жерде жүрсеңіз де, қазақ болып қаласыз. Біз озық, дамыған, әділетті ел болуымыз керек. Осындай елдің негізін қалау үшін бәріміз бір ел, бір халық болып атсалысуымыз керек, - деп отандастарымызға қолдау білдірді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа Негізгі заңында білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтты. Сонымен қатар жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды.
Отандастар оқу мен жұмыстағы жетістіктері жөнінде әңгімелеп, келешек жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, KU Leuven университетінің 3 курс студенті Әлім-Сері Махамбәтәлі Бельгиядағы қазақстандық студенттер қауымдастығы, ал Аружан Болатбекова Брюссельдегі Kazakh Speaking Club қызметі туралы баяндады.
Кездесу соңында Президент Бельгияда тұратын студенттер мен Қазақстан азаматтарына табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.06.2026, 10:30 1931
Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде арандатушылық жарияланымдар мен қоғамдағы алауыздықты қоздыруға бағытталған пікірлерді тарату фактілерінің жиілеуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.
Күш құрылымының өкілдері мұндай әрекеттерге мүлдем жол берілмейтінін және заңға сәйкес қатаң түрде қудаланатынын атап өтті.
Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес алауыздықты қоздырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың АЕК дейін айыппұл салу не 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.
Сонымен қатар, Қазақстанда онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынған. Егер мұндай әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Таратылатын ақпараттың шынайылығын тексеруге ерекше назар аудару, сондай-ақ қоғамда алауыздық туғызуы мүмкін материалдарды жариялаудан және таратудан бас тарту қажет.
Жалған ақпаратты салғаны және таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген. Ал, көрінеу жалған ақпарат таратқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық қарастырылған.
Сондай-ақ, мұндай жарияланымдардың авторлары ғана емес, оларды саналы түрде таратуға қатысқан адамдарға да құқықтық салдар туындайтынына назар аудартамыз. Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа ермеуге, тексерілмеген ақпаратты таратпауға, қоғамдық келісіммен азаматтар арасындағы өзара құрметке нұқсан келтіруі мүмкін жарияланымдар мен пікірлерден бас тартуға шақырады. Қазақстан халқының бірлігі, өзара сыйластық пен қоғамдық келісім - еліміздің тұрақтылығының, қауіпсіздігінің және келешектегі дамуының берік негізі", деп айтылған хабарламада.
Құқық қорғау органдары "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзудың жолын кесіп, олардың алдын алу үшін заңда көзделген шараларды қабылдайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 18:00 28781
Қазақстан Кабулда сауда үйін ашты
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның бизнес-миссиясы аясында Казақстанның Кабул қаласында Сауда үйі ашылды. Айта кету керек, Қазақстанның алғашқы сауда үйі 2024 жылы Герат қаласында ашылған. Алғашқы Сауда үйі табысты іске қосылғаннан кейін Қазақстан Ауғанстанмен сауда байланысын кеңейтуді көздеп, ел астанасында негізгі сауда үйін ашты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты ашылу рәсіміне "QazTrade" АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров пен Afghan German Bakhtar (AGB) компаниясының Бас директоры Сұлтан Ахмад Саруари қатысты. Жоба ауғандық серіктеспен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Бұл жергілікті бизнес қауымдастықпен және мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, қазақстандық экспорттаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Кабулдағы Сауда үйі Қазақстанның негізгі экспорттық бағыттарын таныстыратын тұрақты көрме-сауда алаңы болады. Оның базасында азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын көрсету және сату аймағы, қазақстандық өндірістегі автокөліктердің көрме залы, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді сақтау және таратуға арналған фармацевтикалық қойма жұмыс істейді.
Кабулдағы Сауда үйінің ашылуы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту жолындағы кезекті практикалық қадам. Біз отандық өнімдерді ілгерілетуге, жаңа серіктестер табуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға арналған тұрақты алаң қалыптастырып отырмыз. Бұл ортақ тауар айналымын арттырудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналады деп сенеміз", - деді "QazTrade" АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров.
Кабулдағы Қазақстан Сауда үйінің ашылуы аясында "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ мен Afghan German Bakhtar Company арасында мырыш кенін жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт DAP шарттары бойынша жылына шамамен 30 мың тонна мырыш кенін жеткізуді көздейді. Келісімнің негізгі мақсаты - "Қазмырыш" кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. Келісімшарттың жалпы сомасы 18,88 млн АҚШ долларын құрайды.
Сондай-ақ автомобиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылуда. Сауда үйі алаңында Қазақстанда құрастырылған, ауған нарығында сұранысқа ие автокөліктер ұсынылады. Алдағы уақытта сервистік қызмет көрсету мен техникалық қолдау жүйесін іске қосу жоспарлануда. Бұл өңірде отандық автокөлік өнеркәсібін ілгерілетуге арналған толыққанды инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тағы бір перспективалы бағыт - қазақстандық фармацевтикалық өнімдерді жеткізуді дамыту. Кабулда мамандандырылған қойманың ашылуы дәрілік заттарды жүйелі түрде таратуға жағдай жасап, отандық өндірушілердің ауған нарығындағы қатысуын кеңейтеді.
Бүгінде Ауғанстан - үлкен мүмкіндіктер нарығы. Ел халқының саны 40 миллионнан асады, ал экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Бұрын Қазақстан экспортының негізін ұн, астық, күнбағыс майы және агроөнеркәсіптік кешеннің өзге де өнімдері құраса, қазір ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ашылуда. Ауған нарығында ауыл шаруашылығы, құрылыс және тау-кен өнеркәсібіне арналған техника, жабдықтар мен сервистік қызметтерге сұраныс жоғары. Біз Қазақстанның шикізаттық емес экспортын ұлғайту үшін зор әлеует көріп отырмыз және Кабулдағы Сауда үйі жаңа жобаларды дамытуға арналған тиімді алаңға айналады деп сенеміз", - деді GWM Capital LTD директорлар кеңесінің төрағасы Қанат Құдайберген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 16:35 26926
Қазақстанда жыл басынан бері 700-ден астам жанармайды заңсыз шығару жолдары кесілді
Достарға айту
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда автомобиль өткізу бекеттері арқылы жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз шығарудың 712 әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.
ЖЖМ экспорттауға тыйым салу шаралары қолданылған кезеңде Энергетика министрлігі жанармайды шетелге заңсыз шығарудың алты арнасының жұмысын тоқтатты. Заңсыз айналымнан 1,5 мың тоннадан астам жанар-жағармай тәркіленді.
Жыл басынан бері құқық қорғау органдары сегіз қылмыстық іс тіркеді. Олардың қатарында 28,5 мың тонна есепке алынбаған мұнайды заңсыз өңдеу және 190 мың тоннадан астам бензинді контрабандалық жолмен шығару фактілері бар. Бұл схемалар бойынша көлеңкелі айналым көлемі 37,2 млрд теңгеден асты.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі көліктерді қайта жабдықтау арқылы жанармай шығарудың заңсыз схемаларын анықтап жатыр. Осы мақсатта қосымша жанармай бактарын орнатуы мүмкін техникалық қызмет көрсету станцияларында тексерулер жүргізілуде.
Атап айтқанда, Жамбыл облысында сәуір айының соңынан маусым айының ортасына дейін қосымша жанармай бактары мен газ баллон жабдықтарын заңсыз орнатудың 73 фактісі анықталды. Қордай ауылында 16 техникалық қызмет көрсету станциясы тексеріліп, олардың алты иесіне қатысты шаралар қабылданды.
Бұған дейін Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанармай тапшылығына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 15:35 28721
Электрондық визадан ЖСН-ға дейін: шетелдіктер арнайы қосымша арқылы көші-қон қызметтеріне қол жеткізе алады
Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленуде
Достарға айту
Қазақстанда туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың елге келуі мен Қазақстанда болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
Оның айтуынша, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі таңда 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар виза беру де ұйымдастырылған: IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды", - деп атап өтті Ержан Сәденов.
Сондай-ақ, әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар "туристік карталар" беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат орналастырылған.
Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленуде. Туристік полиция бөлімшелері 18 аймақтың көрікті жерлері мен ұлттық саябақтарында қызмет атқарады. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 14:24 29861
Рахымбаев Алматы облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Айбекұлы Рақымбаев 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
Айбол Айбекұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары, 2012 жылы Халықаралық Бизнес университетін "Экономика" мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы "Q" UNIVERSITY академиясында "Экономика" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2013 жылы "МФО 1 кредит" ЖШС-ның несие менеджері болып бастаған.
Әр жылдары Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Жетіген және Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары, "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ-ның бас маманы лауазымдарын атқарған.
2023 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 12:17 31551
Елімізде 180 млрд теңгеге жол бойындағы сервис стансалары салынады
Елімізде жол бойында 250 сервис стансасын салу жоспарлануда
Достарға айту
Үкімет Көлік министрлігі мен "Car Park Transformer" ЖШС арасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жол бойындағы сервис стансаларын салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдап, тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды. Жобаға тартылатын жеке инвестицияның жалпы көлемі 179,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Аталған жоба халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы қазіргі бар демалыс алаңдарында 2030 жылға дейін жол бойындағы 250 сервис стансасын салуды көздейді. Оның ішінде алғашқы 50 нысан биыл салынып, пайдалануға беріледі. Жаңа стансалар санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды, сауда және қызмет көрсету пункттерін, электрлі көліктерге арналған қуаттау стансаларын, күн энергиясын өндіретін қондырғыларды қамтиды. Сонымен қатар жаңа стансалар іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген заманауи көпфункционалды кешендер ретінде салынады.
Жобаны жүзеге асыру халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандары желісін кеңейтуге, электромобильдер үшін заманауи инфрақұрылым құруға және көлік саласында экологиялық бағдарланған шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол бойындағы сервис стансаларының құрылысы жақын маңдағы өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгінде елімізде халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 1 428 сервис нысаны жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 15:07 95121
Бектенов жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына қарсы бақылауды күшейтуді тапсырды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.
Кеңесте жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына қарсы күрес мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен және жеңіл дистилляттарды теміржол арқылы экспорттауға тыйым салынған. Сонымен қатар автокөліктер үшін мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуге шектеу енгізілген.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бір айдың ішінде құқық қорғау органдары шамамен 12 тонна жанар-жағармай материалдарының заңсыз шығарылуының жолын кескен. Сондай-ақ жанармай бактары қайта жабдықталған 54 автокөлік анықталып, олардың иелері жауапкершілікке тартылған.
Премьер-министр ішкі мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығы стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтуді және жанармай тапшылығына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қаржылық мониторинг агенттігі мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау схемаларын анықтап, олардың жолын кесуі тиіс.
Ал Энергетика министрлігіне жанармай өндірісі, қоры мен тұтынуын тұрақты бақылауды жалғастырып, қажет болған жағдайда қосымша шаралар ұсыну тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 18:40 147286
Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді
Дауыс беру 21 маусымда өтеді
Достарға айту
21 маусым күні Қызылорда облысында 1 қала, 1 кент, 3 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. Атап айтқанда, Арал ауданының Арал қаласы, Жалағаш ауданының Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтері, Шиелі ауданының Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округінің әкімдері сайланады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазинформға сілтеме жасай отырып.
Арал қаласында 22989, Ақсу ауылдық округінде 1028, Жаңаталапта 424, Шиелі кентінде 22669, Жиделіарық ауылдық округінде 560 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Саяси науқанда барлығы 33 учаске жұмыс жасап, 230 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетеді. Жексенбіде өтетін 5 округтегі сайлауда 16 кандидат бюллетеньге енгізіледі. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынған. 16 кандидаттың 59-ының сенім білдірілген адамы аумақтық сайлау комиссияларынан тиісті куәлік алды", - делінген хабарламада.
Учаскеге келе алмайтын сайлаушылар 21 маусым күні сағат 12.00-ге дейін өтініш беру арқылы үйден дауыс беруге мүмкіндік алады.
20 маусым - тыныштық күні. Дауыс беру таңғы 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.06.2026, 09:45Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан жерлестерімізбен кездесті 23.06.2026, 10:30 2476Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы23.06.2026, 11:09 216ІІМ автокөліктер мен жүктерді тасымалдау кезіндегі алаяқтық жөнінде ескерту жасады
19.06.2026, 18:40 147891Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді19.06.2026, 16:49 147211Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары19.06.2026, 16:14 132916Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды17.06.2026, 14:20 130876Алматы тұрғындары Көкжайлауға баратын бағыт бойындағы ағаштарға салынған белгілерге алаңдаушылық танытуда19.06.2026, 09:58 130126Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды
06.06.2026, 12:47 177126Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171886СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 166036Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162116Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды01.06.2026, 16:33 152676СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді

