23.06.2026, 10:30 9941

Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы

Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде арандатушылық жарияланымдар мен қоғамдағы алауыздықты қоздыруға бағытталған пікірлерді тарату фактілерінің жиілеуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.

Күш құрылымының өкілдері мұндай әрекеттерге мүлдем жол берілмейтінін және заңға сәйкес қатаң түрде қудаланатынын атап өтті.

Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес алауыздықты қоздырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың АЕК дейін айыппұл салу не 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.

Сонымен қатар, Қазақстанда онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынған. Егер мұндай әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Таратылатын ақпараттың шынайылығын тексеруге ерекше назар аудару, сондай-ақ қоғамда алауыздық туғызуы мүмкін материалдарды жариялаудан және таратудан бас тарту қажет.

Жалған ақпаратты салғаны және таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген. Ал, көрінеу жалған ақпарат таратқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Сондай-ақ, мұндай жарияланымдардың авторлары ғана емес, оларды саналы түрде таратуға қатысқан адамдарға да құқықтық салдар туындайтынына назар аудартамыз. Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа ермеуге, тексерілмеген ақпаратты таратпауға, қоғамдық келісіммен азаматтар арасындағы өзара құрметке нұқсан келтіруі мүмкін жарияланымдар мен пікірлерден бас тартуға шақырады. Қазақстан халқының бірлігі, өзара сыйластық пен қоғамдық келісім - еліміздің тұрақтылығының, қауіпсіздігінің және келешектегі дамуының берік негізі", деп айтылған хабарламада.


Құқық қорғау органдары "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзудың жолын кесіп, олардың алдын алу үшін заңда көзделген шараларды қабылдайтын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны