19.06.2026, 19:07 346

Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді

Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді
Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және қайта өңдейді. Бұл туралы маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақ-француз жұмыс тобының отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Отырыс барысында Қазақстан мен Францияның мемлекеттік органдары, геологиялық қызметтері және бизнес өкілдері геологиялық картография, деректер алмасу, зертханалық зерттеулер, геологиялық барлау, жер қойнауын пайдалану және заманауи тау-кен өнеркәсібін дамыту бағыттарындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Сонымен қатар титан және басқа да стратегиялық ресурстарды жеткізу саласындағы серіктестікке, сондай-ақ бизнес құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Олжас Әлібеков Қазақстанның Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген стратегиялық маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіріп әрі өңдейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту және жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қазақстандық тараптың франциялық серіктестерімен өзара тиімді әрі мазмұнды ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін растап, оларды геологиялық барлау, шикізатты өңдеу және заманауи технологияларды енгізу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті одан әрі ілгерілетуге өзара мүдделі екендіктерін растады және бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыруды жалғастыра беруге уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны