19.12.2022, 10:32 14281

Алматыдағы микроқаржы ұйымы лицензиядан айырылды

МҚҰ он екі ай ішінде анық емес есептілікті ұсыну, микрокредит беру туралы шарттың үлгілік нысаны мазмұнының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі түрінде көрінген бұзушылықтарға жол берген
Алматы. 19 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 15.12.2022 жылғы № 105 бұйрығына сәйкес, "МФО "Атслаха 18" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды ҚР ҚНРДА баспасөз қызметі.

Агенттіктің мәліметінше, қызметті ҚР заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұза отырып жүзеге асыру лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.

МҚҰ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде анық емес есептілікті ұсыну, микрокредит беру туралы шарттың үлгілік нысаны мазмұнының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі, қаржы реттеушісі сұраған ақпарат пен құжаттарды беруден бас тарту түрінде көрінген бұзушылықтарға жол берген", - делінген ҚНРДА хабарламасында.


 "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелерінің орындалуын бұзғаны үшін жауапкершілік атқарады", - деп қосты ведомствода.


Естеріңізге сала кетейік, ҚНРДА жыл басынан бері 72 микроқаржы ұйымын лицензиядан айырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны