22.07.2022, 17:20 16596

"Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылды

"Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылды
АЛМАТЫ. 22 ШІЛДЕ - Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодкесінің 159 бабының 3 бөлігіне сәйкес, Монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 тенге көлемінде тәлкілене отырып, 1 424 776 тенге көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген болатын.
 
Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда "Алтын Орда" базарын тексеру қорытындылары бойынша Серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.
 
Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны