26.04.2022, 17:36 22466

АШМ: Қазақстан қант өндірісін жеті есеге арттырады

Қант өндірісін 7 есе – 254 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар.
АШМ: Қазақстан қант өндірісін жеті есеге арттырады
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 26 СӘУІР - Қазақстанда қант өндірісін жеті есеге арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
АШМ басшысының айтуынша, қантты тұтыну жыл сайын шамамен 532 мың тоннаны құрайды, оның ішінде отандық шикізат есебінен – 7%-ы қамтамыз етілген.
 

Бұл өндірістің ұсақ болуына, суаруға арналған судың жетіспеуіне және қант қызылшасын өсіру кезіндегі қол еңбегіне, қант зауыттарының тозуына байланысты болып отыр", - деп түсіндірді министр.

 
Осылайша, сумен қамтамасыз ету проблемасын шешіп, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейтіп, техникалық жарақтандыру жұмыстарын іске асырып, сондай-ақ саланы инфрақұрылымдық дамыта отырып, қант зауытын жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды іске қосу есебінен жалпы өнім жинауды 332 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
 
Оның айтуынша, қант өндірісін 7 есе – 254 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Бұл ретте импорт 32%-ға төмендейді, бұл өз кезегінде ішкі нарықтың отандық өндірістің қантпен қамтамасыз етілуін 7%-дан 43%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу үшін 5-6 жыл ішінде субсидиялар мен жеңілдетілген кредиттер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет.
 
Қант өндірушілер қант қызылшасының егіс алқаптарының қысқаруына алаңдаулы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны