Азаматтардың бұл шараларға белсенді қатысуы - мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде әр тұрғынның нақты қажеттіліктеріне бағытталған жергілікті бюджеттерді бекіту және оңтайлы жұмсау үдерісіне бақылауды күшейтуге мүмкіндік болмақ.
Ашық бюджет: қоғамдық бақылау бюджет тиімділігін арттырады
Алматы. 24 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажеттігін, себебі бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсыла бермейтіндігін атап өткен болатын.
Осыған байланысты Агенттік "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" негізінде "Ашық бюджет" жобасын іске асыруда. Оның миссиясы - азаматтардың бюджеттерді қалыптастыру мен жұмсау барысында хабардар болуын және осы жұмыстарға белсенді тартылуын арттыру, сондай-ақ өз қаржысын сауатты бөлу арқылы мемлекетті басқару ісіне азаматтық қатысуға жәрдемдесу.
Агенттік алаңындағы брифинг барысында Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы: "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (publicbudget.kz) мемлекеттік органдардың есептілігі мен ашықтығын күшейту құралы бола отырып, нақты уақыт режимінде бөлінген бюджет қаражаты туралы мәліметтерді қолжетімді нысанда көрсетеді", - деп атап өтті.
Картада жалпы сомасы 11 трлн теңгеден асатын 18 мыңға жуық мемлекеттік мекеме мен ұйымдардың бюджеттері жарияланған. Осы жылдың қазан айынан бастап Карта Мемлекеттік сатып алу порталымен біріктіріліп, ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетуге, сондай-ақ тиімді диалогтық тұғырнама құрылды.
Нәтижесінде, 2 айда үнемделген қаражат сомасы 255 млн теңгені құрады. Бұл туралы Агенттіктің аумақтық департаменттерінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында анықталған фактілер бойынша жекелеген кейстермен танысуға болады.
Сондай-ақ, "Ашық бюджет" жобасы шеңберінде бюджеттік ақпарат бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба іске қосылған сәттен бастап 117-ден астам сарапшының қатысуымен 192 онлайн-кеңес өткізілді.
Агенттік өз тарапынан әрбір өңір тұрғындарын бюджет қаражатын тиімді жұмсауға қатысуға және елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге үлес қосуға шақырады.
Азаматтардың бұл шараларға белсенді қатысуы - мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде әр тұрғынның нақты қажеттіліктеріне бағытталған жергілікті бюджеттерді бекіту және оңтайлы жұмсау үдерісіне бақылауды күшейтуге мүмкіндік болмақ.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Роман Скляр ExxonMobil компаниясының басшылығымен кездесті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен ЭЫҰ стратегиялық әріптестікті арттыруда: тауар айналымы $15 млрд-тан асты
Қазақстан - ЭЫҰ-ның айрықша әріптесі. Біз Қазақстанды өңірлік хаб және ЭЫҰ елдері мен Еуропа арасындағы көпір ретінде қарастырамыз", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейінде сақтау туралы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алдағы 4 жылда Қазақстан 5 мың шақырым жаңа теміржол салады - Олжас Бектенов ТЖЫҰ конференциясының отырысында
Экономиканың аса маңызды күретамырына айналған Қазақстанның теміржол саласы халқымыздың өмір сапасын жақсартып, орнықты өсімді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Ұйымның 70 жылдығына орайластырылған алқалы жиын тоғыз жолдың торабында, Еуразия құрлығының дәл ортасында өтіп отыр. Мұның мәні зор. Заманауи әрі тиімді көлік жүйесі біз үшін халықаралық жеткізу тізбектеріне бейімделе отырып, жаһандық экономикаға ықпалдасуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Біздің ортақ мақсатымыз - Еуразияны біртұтас әрі үздіксіз жұмыс істейтін көлік жүйесіне айналдыру. Қазақстан - жаһандық мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Бірақ біз осы географиялық ерекшелікті стратегиялық артықшылығымызға айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 15 жылда біз көлік саласына шамамен $35 млрд қаражат салдық. 2,5 мың шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды. Бүгінде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" бағыты бойынша барлық құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 85%-ға жуығы Қазақстан арқылы өтеді. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз - 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу", - деп атап өтті Премьер-министр.
Қазақстан Президенті цифрлық технологиялардың дамуына зор мән бере отырып, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осы орайда, қазіргі таңда TezCustoms платформасы енгізілуде. Ол Қытаймен шекарада рәсімдеу уақытын 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Аталған жұмыс басқа елдермен де жалғасуда", - деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ Ұйымның қатысушыларын теміржол желілерінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында озық цифрлық шешімдерді белсенді пайдалануға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандағы конституциялық реформа S&P, Moody’s және Fitch агенттіктерімен талқылаудың негізгі тақырыбына айналды
Біз тыңайтқышты қолдану көлемін едәуір арттырдық. Егер осыдан үш жыл бұрын біз небәрі 600 мың тонна пайдалансақ, бұл ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін жеткіліксіз болды, ал өткен жылы 1,8 млн тоннаға жетті. Биылғы мақсат - 2,3 млн тонна", - деп атап өтті вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Әлеуметтік маңызы бар сала: ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі
Жеңіл өнеркәсіп біз үшін халықты жұмыспен қамту тұрғысынан өте маңызды. Мысалы, Түркістан облысында, еліміздің ең көп қоныстанған облысында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ең көп саны бар. Олардың одан әрі дамуымен жергілікті халықты жұмыс орындарымен және лайықты жалақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бизнеспен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуді бастауы қажет. Құжатта базалық кәсіпорындар, олардың ағымдағы көрсеткіштері мен мақсатты бағдарлары анықталуы керек. Қарсы міндеттемелер, ең алдымен, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту және өндірісті ұлғайту", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: 34 жоба жүзеге асыру сатысында
Бәйтерек" холдингі мыңнан астам өтінімді қарады. Екінші кезеңде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 144 жоба келісілді. Оның ішінде 89-ы - Қазақстанның даму банкі мен екінші деңгейлі банктер арқылы тікелей кредиттеу тетігі бойынша, 55-і - Қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу тетігі бойынша мақұлданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат және 1,2 млн кәсіпкер арнайы режимді таңдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 08.05.2026, 09:04 67211ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:26 33346Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 33111Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды09.05.2026, 10:36 32841Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
13.04.2026, 21:35 474541Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474446Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474411Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады17.04.2026, 20:43 439656Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439191Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

