10.05.2017, 16:05 4753

"Астана" Халықаралық қаржы Орталығыныӊ жанынан Құқықтық Консультациялық Кеӊес құрылды

2017 жылдыӊ 5 мамыр күні Лондонда (Ұлыбритания) "Астана"Халықаралық Қаржы Орталығыныӊ жанынан құрылған Құқықтық Консультациялық Кеӊестіӊ бірінші отырысы өтті.

Астана. 10 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 5 мамыр күні Лондонда (Ұлыбритания) "Астана"Халықаралық Қаржы Орталығыныӊ жанынан құрылған Құқықтық Консультациялық Кеӊестіӊ бірінші отырысы өтті.

Шараныӊ ашылу сөзін "Астана" Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов жәнеАнглия мен Уэльстіӊ экс Бас Жоғарғы Судьясы Лорд Гарри Кеннет Вульф алды. Жиналысқа аталған кеӊестіӊ құрамына кіретін Ұлыбританияныӊ беделді заӊ фирмалары қатысты.

Кеӊес міндетіне - Қаржы Орталығыныӊ жобаларындағы актілерді қарау және сараптау, сондай-ақ, өзге де кеӊес беру қызметтері жатады. Сонымен қатар, Кеӊес құзіретіне Англия мен Уэльстіӊ құқықтық қағидаларын негізге ала отырып, құқықтық базаны қалыптастыру және де әлемдегі жетекші қаржы орталықтарыныӊ стандарттарымен жұмыс істеу де кіреді.

Астана Халықаралық Қаржы Орталығыныӊ Басқарушысы Қайрат Келімбетовтіӊ сөзінше,Англия мен Уэльстіӊ құқықтық құзіреті жүретін елдерде тәжірибиесі бар сарапшылар құрамына кіріп отырған Кеӊес болашақта Қаржы Орталығыныӊ актілерін әзірлеу мен оныӊ қызметіне көп көмегін тигізбек.

Ол сондай-ақ, Құқықтық Консультациялық Кеӊестіӊ жұмысына Baker McKenzie, Devonshires, Hogan Lovells, Michelmores, Norton Rose Fulbright, and White & Case секілді әлемніӊ белді компаниялары да тартылып отырғанын мәлімдеді.

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Лорд Гарри Кеннет Вульф - Ұлыбритания Лордтар Палатасы адам құқықы жөніндегі Біріккен комитетініӊ мүшесі, құқық ұлықтығы жөніндегі Бүкілпартиялық Парламенттіӊ топ Төрағасыныӊ орынбасары. Лорд Вульф Англия және Уэльстіӊ Жоғарғы соты, Катар қаржы орталығы коммерциялық және азаматтық сотыныӊ Президенті, Blackstone Chambers арбитрі және медиаторы қызметтерін атқарған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны