18.05.2009, 10:47 1637

Астанада Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның жоғарғы қаржылық бақылау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылайды

Астанада Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның жоғарғы қаржылық бақылау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылайды

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның қаржылық бақылауы жоғарғы органдары 28 мамырда Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша бақылау-қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде қаржылық бақылауы жоғарғы органдарының (ҚБЖО) бақылау-қадағалау органдарымен өзара іс-қимылы" конференциясы Қазақстанның Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Ресей Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин, Қырғызстан Есеп палатасының төрағасы Искандер Гайпкуловтың қатысуымен өтеді.

Конференцияда мемлекеттік ресурстардағы сыбайлас жемқорлықпен және айлакерлікпен күрес проблемалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша ҚБЖО-ның бақылау-қадағалау органдарымен ынтымақтастығының перспективалары қаралады. Мемлекеттік ресурстарды бақылау саласындағы халықаралық кооперация мен үйлестіруді нығайту жолдарын қарастыру жоспарланып отыр. Конференцияға қатысушылар жемқорлыққа қарсы іс-әрекет және оның алдын алу шараларын ұсынатын болады.

Конференцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде жемқорлықтың алдын алу проблемалары бойынша қаржылық бақылауы жоғарғы органдарының (ҚБЖО) бақылау-қадағалау органдарымен өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданады деп күтілуде.

Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның қаржылық бақылауы жоғарғы органдары басшылары бірлескен қарарға қол қояды, деп хабарлайды Есеп комитеті.

Есеп комитеті ҚР президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ресей есеп палатасы - Ресей Федерациясы қаржылық бақылауы жоғарғы органы.

Қырғызстанның есеп палатасы - Қырғыз Республикасының қаржылық бақылауы жоғарғы органы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны