17.03.2014, 20:01 3449

Астанада шағын және орта бизнеске арналған стартап форум өтеді

18 наурызда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де елорда және жақын өңірлердің кәсіпкерлері, мемлекеттік орган, даму институттары мен қадр ұйымдары өклдерінің қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлікке арналған стартап форум өтеді.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. 18 наурызда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де елорда және жақын өңірлердің кәсіпкерлері, мемлекеттік орган, даму институттары мен қадр ұйымдары өклдерінің қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлікке арналған стартап форум өтеді.

Форумның басты мақсаты кәсіпкерлікті бастау мен оған қажетті ақпаратты барынша молынан алу тұрғысынан шағңын және орта кәсіпкерліктерге қолдау көрсету болып табылады. Шараға 1000 кәсіпкер қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Астана қалалық Кәсіпкерлер палатасы.

Форумда бизнес-тренингтер, шеберлік сыныптары мен ірі кәсіпкерлер тарапынан кеңес беру шаралары ұйымдастырылады. Сонымен қатар Салық департаменті, Тұтынушылар құқын қорғау департаменті, қала прокуратурасы мен Экономикалық қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жетекшілерінің қатысуымен семинар да өтпек.

Сонымен қатар, күн бойы "Business to Business" форматындағы кездесу боладды. Ол өз кезегінде кәсіпкерлермен барынша тез арада байланыс құруға мүмкіндік береді.

Форумда "Инвестициялық жобаларды таныстыру" сессиясы аясында фрамацевтика, баламалы қуат көздері, отандық өндірістің электр үндемдеу мен биотехнологиясы саласындағы жобалар таныстырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны